Қазақстанның Халық Банкі және оның еншілес ұйымы - Қазкоммерцбанк екі бағыттан тұратын және тауарды бөліп төлеуге мүмкіндік беретін Halyk Light және Homebank Orange тұтынушылық несиелеудің жаңа бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы қос банктің өкілдері баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді.

"Қазақстанның Халық Банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменовтың сөзінше, Halyk Light бағдарламасына Қазақстанның кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін Halyk Bank серіктестерінің желісінде жылдық 0%-бен тауарды бөліп төлеу үшін арнайы карта ашу қажет. Қазірдің өзінде аталған желіде түрлі брендтердің түрлі ассортименттегі: жанұя мүшелері үшін киім-кешек, техника, үй тауарлары және басқа да түрлі тауар ұсынған 500-ден артық дүкен бар. Серіктес дүкеннің шартына байланысты кез-келген тауардың құнын бөліп төлеудің мерзімін әр адам өзі таңдай алады - 3,6,9 немесе 12 ай. Лимиттің ең үлкен көлемі 300 мың теңгені құрайды және Halyk Light ол тұтынушының төлеу қабілетіне байланысты картасының әр ұстаушысы үшін арнайы бекітіледі.

Halyk Light-тың қосымша артықшылығы бөліп төлеуге мүмкіндік беретін картаны Halyk Bank-тің бөлімшелерінде 15 минуттың ішінде тегін алуға болады. Сонымен қатар, Halyk Bank «Halyk Light-тың әр қатысушысына 3% Сashback» акциясын іске қосады. Бірақ бұл тек үш айды қамтиды. Яғни аталған карта активтендірілген соң бір ай ішінде Halyk Light картасының иелері сондай-ақ әр төлем сомасынан 3% көлемінде кепілдікті бонустарды алатын болады. Акция 2018 жылдың 28 ақпанына дейін (28 ақпанды қоса алғанда) жалғасады.

Сондай-ақ, QAZKOM-ның басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаров Тұтынушылық несиелеу бағдарламасының екінші бағыты - Homebank Orange туралы түсіндірді. Бұл Қазкоммербанктің кредиттік карта ұстаушыларына арналған және Homeshop.kz онлайн-дүкеннен тауарды таңдап, оны бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде банк клиенттеріне 5 мыңнан артық тауардың түрі: тұрмыстық техника, аудио және видеоэлектроника, мобильдік гаджеттер және т.б. тауарлар  қолжетімді болмақ. Бұл тауарларды артық төлемсіз, қандай да бір комиссиясыз, жылдық 0%-бен кредитке алуға болады.

Тауардың құнын екі түрлі жолмен өтеуге болады – кез келген банктің әдеттегі дебеттік (жалақылық) картасы арқылы немесе QAZKOM-ның кредиттік картасымен бөліп төлеу арқылы. Тауарды екінші жолмен өтеген кезде тауардың құны банктің кредиттік қаражатынан бірден төленеді, ал клиент өтеудің өзіне ыңғайлы кезеңін таңдайды – 3, 6, 9 немесе 12 ай.

Halyk Light бағдарламасының бірінші кезеңіне Астана мен Алматы қалаларында орналасқан серіктес дүкендер қатысады. Сонымен қатар бағдарламаны әзірлеушілер Halyk Bank пен Qazkom карталарының танымалдылығын ескере отырып (елдегі әр екінші төлем картасы), 2018 жылы Қазақстанның барлық қалаларында Halyk Light және Homebank Orange сервистерінің қолжетімділігін жоспарлауда. Сонымен қатар, Homeshop.kz –те ұсынылатын тауарлардың саны 50 мыңнан артық болады деп көзделуде.

“The Qazaq Times”