ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда латын әліпбиін енгізуге қатысты пікірін білдірді.
"Латынға көшу бәрін де алаңдатып отыр. Бұл жайында көп айтылды. Біздің ғалымдар менің тапсырмаммен ұзақ уақыт жұмыс істеп, барлық тарихты қарап шықты", - деді Президент Ақордада өткен отандық және шетелдік журналистермен кездесуі барысында.
Сондай-ақ, ол түркі тілдес көрші елдердің тәжірибесі қаралғанын атап өтті.
"Көрші Өзбекстан, Түркияның қалай енгізгені олардың тәжірибесі қаралды. Мен компьютерге бірден қоя салу үшін ноқат болмау керегін айттым. Олардың (Өзбекстан, Түркия) ноқаты, үтірі бар. Ал қазақ тілінде тек өзіне тән 8 әріп бар. Осыларды нақтылау қажет. Мәселе осында», - деді Назарбаев. - Консенсус болғанда, тіл білімі мамандары мен тарихшылар ортақ келісімге келгенде де мен жаңа әліпби жайында жария етемін. Бұл ертең осы әліпби қолданысқа енеді деген сөз емес"
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев орыс тілділер үшін кирилица да қолданыла беретінін және 2022 жылдан бастап 1 сынып латын әліпбиімен оқитынын атап өтті.
"Мен мұны тез болады деп ойлаймын. Өйткені, бүгінде барлық балалар ағылшын тілінде оқиды. Ал ол латынша. Сіздер мен біз үшін де бұл үлкен мәселе болмауы тиіс", - деді Назарбаев.
Айта кетейік, 11 қыркүйек күні Парламентте латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылған еді. Жаңа жоба бойынша қазақ тіліне тән 8 дыбыс қос әріппен беріледі. Ал бұл қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр.