2017 жылдың 5 айында жергілікті атқару органдар шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 3 813 жұмыс берушіге 10 658 рұқсат құжатын беріп, жарамдылық мерзімін ұзартты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
“Олар 3,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. 2017 жылдың басында ел бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 29,3 мың рұқсат беру күшінде болса, оның 23,1 мыңын 1-3 санаттардағы жұмысшылар құрады. 545 адам корпоративтік ауысу аясында жұмылдырылды", - деді министр.
Министрдің сөзінше, 2017 жылдың 1 мамырында 28,5 мың рұқсат берілсе, оның 77%-ы 1-3 санаттағы мамандарға табысталды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат істейді, бұл жұмысшылардың жалпы санының 94%-ын құрайды екен.
Сондай-ақ, 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер қазақстандық азаматтар үшін 16 259 жұмыс орнын қамтамасыз еткен. Өткен жыл бойы 1 091 жұмысшы кәсіби қайта даярлықтан өтсе, 5427 жергілікті жұмысшы біліктілігін көтеріп, 249 қазақстандық еңбеккер кәсіби кәсіби шеберлігін шыңдаған.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанға келетін шетелдік мамандар, 3 айлық тиісті анықтама негізінде біліктілікке сай кез-келген жұмыс орнына, экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер тізбесінде көрсетілген мамандықтар тұрғысында өз бетімен жұмысқа тұру мүмкіндігін иеленуде. Шетелдік маман білімін, жұмыс өтілін, тәжірибесін және өзге де біліктілігін дәлелдейтін шарттар шеңберінде арнайы жүйеге лайық ұпай жинайды.
Жаңа жеңілдетілген шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібінде жұмыс рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылып, әкімшілік талаптар алынып тасталды. Ескі қағидаттардың орнына жұмыс беруші салық алымдарын төлеуі тиіс.