Жапондық дәрігерлерден «егер, науқасқа жасалған операцияда жазатайым жағдай туылса, немесе, операция сәтсіз болып шықса науқастың туыс-туғандары жазған арыз-шағымды қалай біржайлы етесіздер» дейтін болсаңыз, олар сұрағыңызға таңдана қарайды. «Ондай жағдай болып көрген емес» деп жауап берер еді.

Себебі, Жапонияда операциялар жария түрде жасалады. Ота жасалып жатқан бөлмеге науқастың туыстары да кіреді. Науқас қатері мол үлкен операцияға кіруден бұрын, дәрігерлер онымен және туыс-туғандарымен ұзақ уақыт пікірлеседі. Олардың алда жасалатын отаның жалпы барысын толықтай біліуін қамтамасыз етеді. Олармен барынша тығыз байланыс орнатып, қойылған сұрақтарына жауап береді. Жапон дәрігерлері ота жасаудан бұрын науқас тарапынан өзіне барынша көп сұрақ қойылуын қалайды. Өзге елдердің дәрігерлеріне қарағанда, ота жасаудан бұрын өзін көбірек мазалап, қайта-қайта сұрақтар қоятын науқаспен жұмыс жасағанды қатты ұнатады. Олардың сұрақ-жауабы қаншалық көп болған сайын, дәрігер мен науқастың көңілі де соншалық жай табады. Тіпті, дәрігер мен науқас арасында терең достық орнап жатады.

Жапонияда ота жасау барсы жария түрде болады Фото: abcnews.go.com

Осы арада «жасалған отадан кейінгі жауапкершілікті жеңілдету үшін, дәрігерлер отаның қатері мен қиындығын әдейі зор етіп көрсетуге тырыспай ма?» деген тағы бір заңды сұрақ туады. Алайда, бұл сұраққа да жапондық дәрігерлер күле тұрып, «мүмкін емес» деген жауап береді. Оның себебі, Жапонияда дәрігерлер ота жасаудан бұрын науқас пен оның туыстарына отаның жасалу барысын, бұдан бұрынғы операциялардың жасалу барысы түсірілген видеолар, соған қатысты әлемдегі басқа да материялдарды тауып береді. Бұдан бұрынғы операциялардың нәтижесі көрсетілген сандық мәліметтерді де тауып көрсетеді. Тіпті, халықарадағы бұл түрдегі операция қатерін бағалау материялдарымен де қамдайды. Ал, ота сәтсіз болып, науқастың денсаулығын сараптау қортындысындағы мәліметтер, бұдан бұрынғы қортынды мәліметтерден алшақ болған жағдайда, науқастың туыстары шағымданбаған күннің өзінде, емхана басшылығы дәрігерге ауыр сын береді. Тіпті, өмір бойы ота жасау құқығынан алып тастайды.

Жапонияда күрделі оталарды былай қойғанда, әдеттегі медициналық тексеру группасының өзі де, денсаулық тексертуге келген адамға жан-жақты түсініктер беріп, өзінің ұсыныстарын айтып отырады. Тексеру қызметі аяқтағаннан кейін де ол адаммен үзбей хабарласып отырады. Тіпті, оның отбасындағыларға да кеңестер береді, сол барыста отбасының кішкентай балаларын да назардан тыс қалдырмайды.  Ал, біздің елде мұндай тексерулерден кейін сенде қалғаны тек бір парақ денсаулық тексеру қағазы болмақ. Әуелі, ондағы өз денсаулығың туралы жазылған мәліметтерді қалай оқу керектігін де түсіндіріп бермейді.

Жапон медицияна саласында келеңсіздіктердің туылуының алдын алу үшін, медициналық қызметтен бұрын науқас пен дәрігер арасындағы пікір алмасуды басты назарға ұқсайды. Тек ауқасты емдеп жазса ғана толымды дәрігер бола салмайды. Науқаспен көбірек пікірлесіп, оған рухани тірек бола алған дәрігер ғана үздік дәрігер саналады. Жапония медицинасының басты ерекшелігінің бірі – болған сәтсіздіктерге жасалатын зерттеудің жүйелілігінде. Кез-келген дәрігер жауапкершіліктен қашқалақтамай, керісінше, өзінен кеткен қателіктерді немесе сәтсіздік себебін зерттеп отырады. Тағы бір ерекшелігі, емдеуді ұқтыру түзімін орнатып, дәрігер мен науқастың сенімділігіне баса назар аударған да, емдеудің құпиялығы, тәсілдердің жасырын болуы сынды түзімдерді мүлде алып тастаған.

Мақсатымыз Жапония медицинасын жеріне жеткізіп мақтау емес. Бірақ, біз қашан медициналық көмек көрсету салаларына осындай жауапкершілікті үйрете аламыз?! Қашан біз науқастың қалтасын тексермей, ауыруын тексеретін дәрігерлерді жетілдіреміз?! Қашан біз халыққа жанашыр Қазақстан медицинасын қалыптастырамыз?!

 

"The Qazaq Times"