2016 жылы табиғатты пайдалану және экология саласында 26 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Ал 2017 жылдың 4 айының қорытындысы олардың саны өткен жылдың алғашқы айларына қарағанда 3 есеге артқан. Мұндай деректер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметерінде келтірілген.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратынша, ҚР Энергетика министрлігі және оның аумақтық бөлімшелерімен 2016 жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы заң бұзушылық фактілері бойынша 5610 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, олардың 92%-ына жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.
Ең көп айыппұл көлемі - Батыс Қазақстан облысына (578 млн теңге), Ақтөбе облысына (458 млн теңге) және Қарағанды облысына ( 448 млн теңге) тиесілі.
Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша 2016 жылы бақылау-инспекциялық қызметтің нәтижесінде қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалардан жалпы сомасы 25 млрд теңге өндірілді, ал осы жылдың басынан бастап-ақ бұл көрсеткіш 20 млрд теңгеден асқан.
Сондай-ақ, агенттіктің баспасөз хабарламасында жазылған ақпаратқа сүйенсек, жыл сайын пайда болатын 5-6 млн тонна тұрмыстық-қатты қалдықтардың тек 1,8% қайта өңделеді, ал қалғаны 100 млн тонна көлеміндегі қалдықтарға қосылып, арнайы полигондарда жиналады екен.