Осыдан бірер сағат бұрын Иран Ислам Республикасында өтіп жатқан президент сайлау қортынды нәтижесі жарияланды. Қортынды нәтиже бойынша 23 млн қолдаушының дауыс беруі арқылы Хасан Рухани қайталай Иран президенті болып сайланды. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлайды.
Ирандағы президент сайлау қорытындысын сол елдің ішкі істер министірі Абдурреза Рахмани жария етті. Ол кезекті сайлауға 41 млн 200 мың ирандық дауыс бергенін, елдің осыған дейінгі президенті Рухани 23 млн 549 мың 616 сайлаушының қолдауымен қайталай президент болғанын мәлімдеді. Ал сайлауға қатысқан өзге кандидаттардан Сейд Ибраһим Садат екінші орынды иелеп, 15 млн 786 мың 449 адам дауыс берген. Үшінші орынға жайғасқан Мирсалим 478 мың 215 дауысты иелеген. Мостафа Һашеми Таба 215 мың 415 дауыспен төртінші үміткерлердің соңын қорытындылаған.
Иранның ресми ақпарат құралдарының хабарына қарағанда бұл реткі сайлауға 40 миллионнан аса Иран азаматтары қатысып, халық санының 70 пайызын иелеген.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?