Иранда алдағы күндері коронавирусқа қарсы екпе егу басталады. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлады.
Коронавирустың алдын алу мақсатында өткен ұлттық штаб отрысында ел президенті Хасан Рухани: «Барлық ұйымдар коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайындалды және вакцинаның алғашқы топтамасы елге жеткізілді», – деді.
10 ақпаннан басталатын вакцинациялау кезінде бірінші болып дәрігерлер, медицина қызметкерлері, қарттар мен тұрғындардың осал топтарына екпе жасалады.
Әлем бойынша сынақтан сәтті өткен Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесін салуды бастаған елдер қатарында Ұлыбритания, АҚШ және Канада бар.
Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан астам оң нәтиже көрсеткен. Ал Оскфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы вакцина 70% тиімділік көрсетті.
Қазақстанда жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталған. Екпе бірінші кезекте инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, реанимация бөлімі, аурухананың қабылдау бөлмесінде істейтін қызметкерлерге салынбақ. Ал сәуірден бастап жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары, медициналық қызмет көрсететін мекеме мамандарына вакцина егіледі.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді