Иран президенті әскери күштері атып түсірген Украинаға тиесілі жолаушылар ұшағы туралы мәлімдеме жасады. Ол істі ашық тексеріп, толық анықтауға уәде етті.
«Азаматтық ұшаққа қарсы зымыран ату кешірілмейтін қателік. Біз бұл істің тексерілуін қадағалаймыз», – деді президент Хасан Рухани мемлекеттік телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде. Ол және істі толық анықтап болғаннан кейін ұшақ ісіне қатысты барлық деректің ашық жария болатынын білдірген.
Естеріңізге сала кетейік, Иран әуе күштері АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққысын берген түні Теһраннан әуеге көтерілген Украинаға тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған болатын. Алғашында техникалық ақау себебін көлденең тартқан ирандық үкімет кейін әскери күштердің абайсызда атып құлатқанын мойындады. Бұл оқиғадан кейін Иранда үкіметке қарсы наразылық шеруі өтті. Олар биліктің ауысуын талап етуде. Наразылық әлі жалғасып жатыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр