Шетелдегі зерттеуші ғалымдар адамдардан қайтыс болғанан кейін миын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайырымдылықпен сыйға тартуын үміт етіп отыр. Ғалымдар Ғылым қауымдастығында депрессия, мидың пост-травматикалық (жарақаттан кейін) стресстен бұзылу және басқа да психиатриялық ми ауруларын зерттеу үшін адам миының жетіспейтінін айтады. Бұл туралы «Шинлаң» агенттігінің ғылым-техникаға арналған сайты хабарлап отыр.

«McLean Hospital» Гарвард Ми ұлпасындағы ресурстық орталығында үш мыңнан астам адам миы сақталған. Фото: tech.sina.com

Адамдар әлі де осы аталған ауырулардың зардаптарынан толық хабардар болмауы да ғылыми зерттеудегі ми тапшылықты тудырып отыр дейді ғалымдар. Зерттеушілер егер жеткілікті ми үлгілері болса, психикалық және неврологиялық ауруларға жаңа емдеу табуға болады деп үміттенеді. Бостоннан тыс «McLean Hospital» Гарвард Ми ұлпасындағы ресурстық орталығында үш мыңнан астам адам миы сақталған. Олардың басым көбі рухани және неврологиялық ауыруларға шалдыққан адамдардан жиналған. Бұл қазір әлемдегі ең үлкен «Ми сақтаушы банк» іспетті.

Адам миы өте күрделі зат болып табылады. Адам миы дене мүшелердің өсуіне ілесіп, жүйке желі байланыстары өсіп дамиды. Ол тағы адам мінезі мен жеке қасиеттерін белгілейді. Соңғы жылдары ғалымдар адам миының психикалық және неврологиялық бұзылулар арасындағы белгілі бір корреляциялардың бар екенін тапты. Зерттеушілерге  паркинсон синдромы (егде тартқан адамдарда болатын үлкен және орталық ми ауыруы), альцгеймер ауруы мен түрлі психиатриялық бұзылуларды зерттеу адам миының нақты үлгісін қажет етеді. «McLean Hospital» және өзгеде зерттеу орталықтарында сақталған ми үлгілері бұл зерттеудің қажеттілігін қамтамасыз ете алмай келеді.

Ғалымдар миды зерттеудің жаңа құралын тапты. Фото: tech.sina.com

Ғылыми-зерттеу қоғамдастық кейбір ықтимал психикалық және неврологиялық аурулар терапиясын тапты. Адам миын терең зерттеу құралдары мен әдістерінің көптеп табылғанына қарамастан, соларды жүзеге асырып, ғылыми практикалық сынақтар арқылы нақтылауға ми үлгісі қажет. Гарвард университетінің зерттеуші ғалымдары: « Егер мұндай ауырулардан зардап шеккен немесе өзге де ауырулардан қайтыс болғандар өз еркімен миын ғылыми зерттеуге атар болса, өзінен кейінгі адамдардың бұл ауырулардан азап шегу салыстырмасын азайтуға қаблетіміз жетеді. Себебі, бізде қазір миды зерттеу әдістеріміз бен құралдарымыз біршама нәтиже көрсете алады. Мида сақталып қалған ауырулар мен информациялар арқылы оны емдеу жолдарын табуға балады», – деп отыр.

Бәрі бірдей ғылыми зерттеуге ми үлгісі жетіспейді. Фото: tech.sina.com

Десе де, ғылыми жаңалық пен кейінгі адамдардың саулығы үшін, өлім алдында шешім қабылдап, миын ерікті түрде ғылыми зерттеуге атаушылар тым аз болса керек. Оның бір себебі жоғары да айтқанымыздай, адамдардың ми ауырулары туралы түсінік танымдарының жетіспеуінде де жатыр.

“The Qazaq Times”