Лос-Анджелес қаласында американдық киноматография Академиясымен ұсынылатын «Оскар» жүлдесінің марапаттау салтанаты болып өтті. Биыл 89-мәрте ұйымдастырылған Академияның ең басты жүлдесі «жылдың ең үздік картинасы» номинациясына 9 фильм ұсынылған болатын. Енді осы туындылар туралы қысқаша айтып, жеңіске жетудегі мүмкіндіктерін саралап көрсек.
"Прибытие" ("Arrival")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Эми Адамс, Джереми Реннер, Форест Уитакер және үлкен сегізаяқтарға ұқсас өзге ғаламшарлықтар. Режиссері - Денис Вильнёв.
Фильм осы уақытқа дейін де көптеген беделді жүлделерді алып үлгерді, бірақ "Оскарда" үздік атануға деген мүмкіндіктері аздау.
"Ограды" ("Fences")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Виола Дэвис және Дензел Вашингтон ерлі-зайыпты Роуз бен Троя Максоновтардың рөлдерін сомдайды. Фильмді Огаста Уилсонның пьесасының желісі бойынша Дензел Вашингтонның өзі түсірген.
Актерлардың тамаша ойынына қарамастан, көптеген басылымдарда жарияланған пікірлерге сәйкес фильм негізгі аутсайдер.
"По соображениям совести" ("Hacksaw Ridge")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Шығармашылығындағы біраз уақыт сәтсіздіктерінен кейінгі Мэл Гибсонның әскери драма жанрында түсірген туындысы. Басты рөлдерде: Эндрю Гарфилд, Винс Вонн, Хьюго Уивинг және Тереза Палмер.
Үміткер 9 фильмнің ішінде 7-орынға ие болып отыр, бірақ әзірге нақты шешім шығаруға ертерек. Аутсайдерлерден озып шығып фаворит атануы да ғажап емес.
"Любой ценой ("Hell or High Water")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Джефф Бриджес, Бен Фостер және Крис Пайн басты рөлдерді сомдаған Дэвид Маккензидің фильмі.
Фильмнің керемет сапасы мен мағыналы диалогтары картинаның фавориттер қатарынан көрінуіне ықпал ете алмады. Көпшіліктің пікірінше, аутсайдерлердің тізімін толықтыратын туынды.
"Скрытые фигуры" ("Hidden Figures")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Тараджи П. Хенсон, Октавия Спенсер және Жанель Моне негізгі үш басты рөлдерді сомдап шығады. Режиссері - Теодор Мелфи.
Аяқ асты жеңіске жетіп жатса, көпшіліктің көңілінен шығатын шешім болары сөзсіз. Прокаттан жинаған табысы да көлемді. Басты үміткерлердің бірі ретінде қарастыра аламыз.
"Ла-Ла Ленд" ("La La Land")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Дамиен Шазель түсірген мюзиклда Райан Гослинг пен Эмма Стоун билеп, ән салады.
Биылғы "Оскарға" ұсынылған фильмдердің ішіндегі ең көп номинацияға ие фильм. Сонымен қатар, букмекерлік орталықтарда да көш бастап тұр. Танымалдығы жағынан бірінші орында тұрғандығына қарағанда осы картинаның жеңіске жетуі әбден мүмкін.
"Лев" ("Lion")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Санни Павар Сару атты кейіпкердің бала кезін ойнаса, Дев Патель - ержеткен шағын сомдайды. Екінші пландағы рөлдерде - Руни Мара мен Николь Кидманды көре аласыздар. Режиссері - Гарт Дэвис.
Дев Патель - "екінші пландағы үздік еркек рөлі" номинациясына үміткерлердің ішіндегі ең танымалы бола тұрғанымен, фильмнің үздік атанудағы мүмкіндігі шамалы.
"Манчестер у моря" ("Manchester by the Sea")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Басты рөлдерде - Кейси Аффлек және Мишель Уильямс, режиссері - Кеннет Лонерган.
Киноакадемиядағылардың талғамына сай күрделі әрі ауыр туынды. Сол себепті де әзірге 4-орынға тұрақтап отыр.
"Лунный свет" ("Moonlight")
Кімдер ойнайды және режиссері кім?
Махершала Али, Наоми Харрис және Жанель Мона басты рөлдерді сомдайтын картинаның режиссері - Барри Дженкинс.
Танымалдығы жөнінен екінші орындағы картина, жеңіске жетудегі мүмкіндіктері де зор.
Айта кетсек, жоғарыда көрсетілген болжамдар бойынша әр картинаға әлемдік басылымдар осындай пікір білдірген болатын. Ал Академияның бас жүлдесін ""Лунный свет" ("Moonlight") фильмі иеленді.
«The Qazaq Times»