 
                                    Лос-Анджелесте Америка киноакадемиясының «Оскар-2019» сыйлығына лауреаттарды марапаттау рәсімі өтті. The New York Times басылымының хабарлауынша, 91-ші рет ұйымдастырылып отырған кеште барлық назар номинанттарға түсу үшін жүргізушісіз өткізілген.

Фото: www.nytimes.com
Сонымен, биыл көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Queen британдық діни тобының мүшесі – Брайан Сингердің Фредди Меркьюри туралы музыкалық драмасы «Богемия рапсодиясы» (Bohemian Rhapsody) «Оскардың» басты категориясында топ жарды. «Богемия рапсодиямы» музыкалық драмасы «Үздік дыбыспен жұмыс», «Үздік дыбыс монтажы», «Үздік монтаж» (Джон Оттман) номинацясында және басты рөлдегі Рами Малек «Үздік актер» аталымында жеңімпаз атанды. Ал «Қара пантера» (Black Panther) «Үздік киімдер дизайны», «Үздік саундтрек» және «Үздік қоюшы-суретші жұмысы» аталымында топ жарды.

Рами Малек, «Үздік актер». Фото: https://foxnews.com
Жылды қорытындылаған байқауда «Үздік оператор жұмысы» – «Рим» (Roma), «Арнайы эффектілер» – «Бірінші адам» (First Man; Black Panther), «Үздік режиссер» – Альфонсо Куарон, «Үздік ән» – Shallow, «Үздік актриса» – Оливия Колман, «Фаворит» (The Favourite», «Үздік қысқа метражды анимация» – «Bao», «Үздік толық метражды анимация» – «Өрмекші-адам: Өрмекшілер әлемінде» «Үздік деректі фильм» – «Еркін жалғыз» (Free Solo), «Үздік фильм» – «Жасыл кітап» (Green Book) және өзге де аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Фото: www.nytimes.com
Осыған дейін Лантимос «Үздік режиссер», Оливия Колман, Эмма Стоун және Рэйчел Вайс бірінші және екінші санатта үздік актриса және «Үздік фильм», «Үздік сценарий» номинациялары бойынша «Фаворитка» фильмі ұсынылған болатын. Мексикалық режиссер Альфонсо Куаронның «Рома» драмасы – Оскарға ұсынылған Netflix платформасының алғашқы фильмі – Мехикода 70-жылдардағы қарапайым отбасының өміріндегі оқиғалар туралы әңгімелейді. Фильм «Үздік фильм», «Үздік актриса», «Шет тіліндегі үздік фильм» және «Үздік режиссер» аталымдары бойынша бақ сынады. Ал «Үздік картина» номинациясында «Звезда родилась» (A Star is Born) мелодрамасы ұсынылған.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау