Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына іскерлік мақсатта түркиялық «TRT» телерадиокомпаниясының Астанадағы директоры Абдулхамит Авшар келді. Кездесуде корпорация басшылығы атынан киностудияның картиналарын түрік телеарнасында көрсету мақсатында алуға ниетті екенін білдірді, - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
«TRT» телерадиокорпорациясы – бірнеше радиостанциялардың негізінде 1964 жылы құрылған. Бүгінгі таңда корпорацияға ондаған халықаралық және аймақтық теле және радио арналар кіреді. Бұл компанияның радио және теле арналары әлемнің бірнеше тілдерінде жүреді. Көптеген елдерде өкілдігі бар корпорацияның бөлімшесі Қазақстанда да ашылған.
-Біздің «TRT Avaz» телеарнасы аптасына бір рет түркітілдес елдердің киноларын көрсетуді жоспарлап отыр. Осы орайда Қазақстандағы түрлі жанрдағы кино өндіруші басты студия «Қазақфильмге» келіп отырмыз. Басты мақсатымыз — фильмдеріңіз арқылы сіздердің тарихтарыңыз бен мәдениеттеріңізді көрсететін туындыларды таңдап алу, - деді кездесу барысында Абдулхамит Авшар.
Өз кезегінде «Қазақфильм» киностудиясының аудиовизуалды жобалар басшысы Олжабай Мұсабеков киностудия өндірген фильмдер каталогын беруге дайын екенін жеткізді:
- 2009 жылға дейін түсірілген фильмдер пленкада сақталған. Алайда Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының көмегімен сандық жүйеге өткіздік. Ескі және жаңа фильмдерді сіздерге қажетті форматта беруге дайынбыз.
Кездсу барысында түркиялық қонаққа киностудия бойынша экскурсия жүргізіліп, «Қазақфильмнің» киноөндірістік мүмкіншілігі және техникалық жабдығы таныстырылды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті