Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Brexit мәселесі бойынша Еуроодақ өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұл туралы The Times газеті жазды.

Джонсон 18 маусымға жоспарланған сапар аясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишелмен келіссөздер жүргізеді.

15 мамырда Брюссель мен Лондон арасындағы апталық келіссөздердің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ЕО Brexit жөніндегі бас келіссөзші Мишель Барнье тараптар ортақ келісімге келе алмады дешен болатын.

Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан 2020 жылдың 1 ақпанында шыққан. Брюссель мен Лондон осы жылдың соңына дейінгі өтпелі кезең туралы уағдаласты, оның барысында Біріккен Корольдікке барлық еуропалық нормалар таратылды. Осы уақыт ішінде тараптар болашақ қатынастар құрылысының тәртібі туралы құжатқа қол қоюы тиіс. Алайда Лондон мен Брюссельдің қаржылық дағдарысты шешу жөнінде ұсыныстары кереғар боп тұр.

"The Qazaq Times"