Қытай мен Ресей АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңіске жетуіне түбегейлі қарсы. Бұл туралы Ақ үй басшысы сұхбатында айтты.

«Мен Ресей үшін қауіптімін және Путин мұны түсінеді. Путинмен тіл табыстық, бірақ ол менің сайлауда жеңіске жетуімді қаламайды. Жақсы байланыста болсақ та, ол менің жеңісіме қарсы. Сонымен қатар Қытай да менің ұтылғанымды қалайды», – деді Трамп журналист Шерил Аткиссонға сұхбатында.

АҚШ барлау агенттіктері 2016 жылы өткен пиезиденттік сайлауда Ресей сайлау процесіне араласты деп айыптаған. Осы іс бойынша иергеуді АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер екі жылға жуық уақыт бойы жүргізді. Атап айтқанда, ол Путин мен Трамп арасындағы келіссөздерді тергеді. Бірақ болжамдар дәлелденген жоқ.

Ақ үй басшысы Трамп сайлау науқаны кезінде ресейлік шенеуніктермен заңсыз байланыстар туралы күдікті жоққа шығарған. Елде кезекті президенттік сайлау биыл қарашада өтеді деп жоспарланып отыр.

"The Qazaq Times"