Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанға белгіленді. Сарапшылар қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің енді екінші мерзімге сайлануға дайындалып жатқанын әрі жеңіске жететініне сенімді екенін айтады.
Елде сайлауалды үгіт-насихат науқаны бүгін басталды. Өзге де посткеңестік мемлекеттердегідей, Өзбекстанның да қазіргі президенті Шавкат Мирзияев екінші мерзімге сайлануды көздеп отыр. Ол осыған дейін «елге нағыз оппозициялық партиялар мен кандидаттар керек» дегенді бірнеше рет айтқан. Бірақ сарапшылар Мирзияев пен оның әкімшілігі оппозиция биліктен көргісі келмейтінін айтады.
Мирзияев бұрынғы президент Ислам Каримов 2016 жылы қайтыс болғаннан кейін билікті өз қолына алған. Сол жылы ол сайлауда 88,61% дауыс жинады.
Яғни Орталық Азияда халқы ең көп (32 млн адам) мемлекетті авторитар басшы Каримовтен кейін елді басқарып келе жатқан Шавкат Мирзияев өзін реформатор ретінде көрсетуге тырысады. Ол саяси тұтқындарды босатып, Өзбекстан қақпасын көрші елдер мен сыртқы әлемге ашқан. Бірақ көптеген белсенділер елде реформа үстірт жүргізілетінін жиі сынға алады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі