2017 жылы 18 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық    университетінде «Байырғы Түркі құндылықтары - 2017» атты халықаралық, ғылыми теориялық-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты мен міндеттеріне келер болсақ, біріншіден, отандық және шетелдік түркітанушыларды түркі тілдес елдердің саяси, мәдени қарым-қатынасқа  негізделген    интеграция    жағдайына ұйыстыру; түріктанудың өзекті мәселелері мен болашақ даму бағыттарын талқылау; түркітанудың ежелгі дәуірден ХІХ ғасырға дейінгі тарихи-мәдени құндылықтарына басымдылық  бере отырып қарастыру.

Конференция аясында Байырғы Түрік Бітіг Күнін белгілі түрколог-ғалым ф.ғ.д., профессор Қаржаубай Сартқожаұлының 70 жылдығына орай ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Ғ. Айдаров мінбері:

Байырғы түрік және ортағасыр жазба мұралары (тіл білімі, өнері, әдебиеті);

  1. З. Самашев мінбері:

Сақ (Скиф), Хунну (Сюнну), Түрік археологиясы;

  1. О. Смағұлов мінбері:

Түріктердің этнологиясы (антропология, ДНК зерттеулері), этнографиясы;

  1. Б. Көмеков мінбері:

Орта ғасырдағы Түрік тарихы.

Қатысу шарттары және басқа ақпараттар туралы төменде көрсетілген контактілер арқылы хабарласуға болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Бас ғимараты.

«Түркітану және алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы

Қазақстан тарихы кафедрасы

010008, Астана қ., Сәтпаев көшесі, 2.

Ұйымдастыру комитеті мен үйлестірушінің телефоны:

8-(7172)-70-94-94, 8 (747) 877 39 36, +7 (701) 749-98-42

kharjaubay@mail.ru, turiktanu@mail.ru.

 "The Qazaq Times"