Бүгінде ғылым көз ілестірмес жылдамдықпен алға озып, техниканың дамуы адам сенгісіз мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, белгісіз аспан денелері ашылып, тіпті Жерге ұқсас ғаламшарлар да табылып жатыр. Ғалымдар ғарышты зерттеу барысында арнайы жабдықталған құрылғылар мен соңғы үлгідегі техникалық жабдықтарды пайдалана отырып, осындай ғылыми жетістіктерге жетіп отыр. Ал ғарышқа ұшқанда ғарышкерге қандай құрылғылар керек және олар қандай талаптарға сәйкес болуы тиіс? Осы сұраққа жауап іздеп көрсек.

 

Фотоаппарат. Фото: playbuzz.com

Ресей ғарышкерлері 1986-2001 жылдары жұмыс жасаған «Мир» орбиталық станциясының кезеңінен бері Nikon фирмасының фотоаппараттарын қолданады. Қазіргі таңда МКС-да иллюминатордан жердің бетін үлкен қашықтықтан жоғары сапада түсіретін және басқа да обьектілерді зерттеуге арналған төрт кәсіби фотокамералар бар. Олардың біреуі камераны ашық ғарыштағы кеңістікке алып шығып, станциядан тыс объектілерді түсіруге мүмкіндік беретін арнайы грембокспен жабдықталған. Әр камерада Nikkor маркалы 20 түрлі ауыспалы автофокустық объективтер мен фотожарқылмен бар. Осы маркадағы фотоаппараттар америкалық ғарышкерлердің де пайдаланатын негізгі құрылғылары болып табылады.

Дүрбі. Фото: playbuzz.com

Егер суретке түсірмей, ғарыштан тек бақылау керек болса, Жер бетін иллюминатордан жақындатып көрсетуге мүмкіндік беретін, бейнені тұрақтандыратын кең бинокулярлық жабдығы бар дүрбіні пайдаланады. Жалпы бұл дүрбінің түрлері тікұшақтан, моторлы қайықтан арнайы бақылауға арналған бейнені тұрақтандыратын жабдығымен ерекшеленеді. Бұл «озық» моделдің басты ерекшелігі жабдықтың ішкі бөлшектері магнит өрісінде қалқып жүреді. Ресейлік ғалымдардың дүрбісі әлемдегі жалғыз аналогсіз құрылғы.

Жермен байланыс орнату. Фото: playbuzz.com

Қазіргі таңда көптеген ғарыштық станцияларда ұшқыштармен байланыс орнататын кәсіби құрылғылардан бөлек радиоәуесқойларға арналған Kenwood трансивері пайдаланылады. Бұл приставка арқылы бейнелі ақпаратты тікелей трансляциялауға мүмкіндік бар.

Бейнекамера. Фото: playbuzz.com

Бейнекамералар көбіне станциялардан тікелей репортаждар жүргізіп, тәжірибелерді таспаға түсіріп, иллюминатордан объектілердің қозғалысын түсіруге пайдаланылады. Көбіне тікелей трансляция арқылы онлайн режимде де бейнеақпаратпен бөлісуге мүмкіндік бар. Ол үшін қарапайым Sony компаниясының бейнекамералары қолданылады. Бұндай камераларды кез-келген жерден сатып алуға мүмкіндік бар. Ал ашық кеңістікке шығып, түсірілім жасау үшін және арнайы жабдықталған «Глиссер-М» комплексті GoPro экшн-камераларын гермобокстарға салынып, ғарышкердің скафандрына жалғанады. Оның флэш-картасына ашық кеңістікте бір жарым сағаттан астам уақыт түсірілім жасауға болады.

Спутникті телефон. Фото: playbuzz.com

Ғарышкерлер ғарыш кемесіндегі зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін жерге қайта оралады. Бірақ оларға арнайы ұшақтардағыдай аэродром қарастырылмаған және оның қону аймағы мен уақытын нақты анықтап отыру мүмкін емес. Сол себепті де кез-келген ғарыш кемесінде арнайы спутниктік телефондар болады. Олар ғарышкер жерге қонған кезде ғаламшарымыздың кез-келген нүктесінен станцияға хабарласып қону нүктесі жайлы ақпарат беруге арналған.

Байланыста. Фото: playbuzz.com

Ғарышкерлердің бұдан басқа да көптеген құрал-жабдықтарды пайдаланатыны белгілі, бірақ оларды қарапайым халық түсініп, кәдесіне жаратуы екіталай. Сіздерге қарапайым құрылғылардың арнайы үлгілері мен қолдану ерекшеліктерін айтып өттік. Сонымен қатар, ғарыш кемесінде планшеттер, ноутбуктар, медиасерверлер де болады. Бұлар ұшу уақыты бірнеше аптаға, айға созылғанда ғарышкердің жермен байланысын үзбей және де арнайы уайфай желісі арқылы медиатекаға қол жеткізуі үшін қажет дүниелер.

Планшет. Фото: playbuzz.com

Қазіргі таңда көптеген стациялар Samsung фирмасының планшеттерін пайдаланса, америкалық ғалымдар Apple фирмасының iPad секілді жабдықтарын қолданады. Ал ноутбуктан ресейлік мамандар Lenovo компаниясының өнімдерін пайдаланғанды жөн деп санайды. Жұмыс талаптарына сәйкес әрбір компания ғарышта жұмыс жасауға арналған, вакуумдық кеңістікке бейім арнайы молдельдері мен жаңартылған нұсқаларын шығарып отырады.

Гауһар Жақыпбай
"The Qazaq Times"