Кеше, 14 қазан, Байқоңырдан ұшқан 1 америкалық және 2 ресейлік ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) аман-есен жетті.
Үш ғарышкер алғаш рет ХҒС-ына жылдам жеткізу жолын сынап көрді, нәтижеде 3 сағаттан аса уақытта ХҒС-ына жетті. Яғни, станцияға жеткенше Жер орбитасын екі рет айналып өтті. Бұл жұмыс режимі ұшу уақытын шамамен екі есеге қысқартады.
Байқоңырдан аттанған ғарышкерлер Жер орбитасын айналып жүрген әріптестерімен бір аптадай уақыт бірге жұмыс істейді. Онда НАСА командирі Крис Кэссиди және ресейлік ғарышкерлер Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер жұмыс істеп жатқан болатын. Сәуір айында барған олар бір аптадан кейін Жерге оралмақ.
SpaceX осы жылдың басында Флоридадағы NASA-ның Кеннеди атындағы ғарыш орталығында сәтті ұшырылған. Алайда, АҚШ-Ресей бірлескен ұшыруларына, әсіресе халықаралық ғарыш станциясына персоналды тасымалдау үшін Байқоңырды көбірек қолданады. Ғарышкерлердің тағы бір тобы келесі айда Флоридадан ұшады. Олар ғарышты зерттейтін компанияның ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына апарады деп жоспарланған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді