Америка Құрама Штаты мен Ресей Федерациясы арасында осы аптада әлемдегі кейбір күрделі қақтығыс мәселелерінде пікір қайшылығы болды. Осыған қарап, 2018 жылдың бастапқы кезеңінде Еуропадағы, Азиядағы және Таяу-Шығыстағы белгісіздіктер арта түсуі мүмкін. Бұл туралы «WSJ» басылымы сараптады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде, мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен телефонда сөйлесу кезінде, Ресейді Украинаға қарсы позициясын жұмсартуға шақырса, өз кезегінде Лавров та АҚШ-ты Солтүстік Кореямен қайшылықты жеңілдету үшін күш салуға үндеген.
Соңғы күндері Украина мен Солтүстік Корея турасындағы шиеленістер күшейе түсуде. Бұл турасында АҚШ-пен одақтастар пікірталас кезінде, Ресеймен дипломатиялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ, Ресейдің Украинаға әскери араласу ісі төңірегінде сарапшылар деңгейіндегі пікірталас алып баруға ыңғай танытты.
Өткен бір аптада Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатуға құлшынғанымен, Украина шығысындағы қақтығыс тіпті де күшейе түсті. Сейсенбі күнгі телефонда сөйлесу кезінде Тиллерсон Мәскеуді Украина-Ресей бірлескен бақылау шараларына қайталай шақырды. Дегенмен, туылуы мүмкін соғыс жағдайына байланысты АҚШ-тың өзі де күрделі шешімдерге қадам қойған. Соның бірі, өткен аптада АҚШ Украинаға танкке қарсы зымыран қаруларын сатып беру шешімін жасаған еді.
Ал, Солтүстік Кореяның мәселесіне келер болсақ, өткен аптаның соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы КХДР-ға жаңа санкцияны қолдап, сол елге кіретін шикі және тазартылған мұнайды түгелге жуық тоқтатып тастады. Ким Жоң Унның режимі бұл шараны «Соғысқа шақыру дабылы» деп бағалады.
Бұған қоса, АҚШ сейсенбі күні Солтүстік Кореяның лауазымдыларына санкция енгізіп, қысымды арттыратынын мәлімдеді. АҚШ және Солтүстік Кореяға бағытталған санкцияны бұзатын 10 кемені қара тізімге енгізу туралы шешім шығарды, қауіпсіздік күштерінің мәліметінде бұл кемелер Солтүстік Кореядан Ресей жеріне көмір жеткізеді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Тиллерсон мен Лавров сөйлесу кезінде дипломатиялық шешімдер пакетін әзірлеу қажеттілігіне бір ауыздан келісіп, ядролық қарусыз Корей түбегін құруды қолдаған. Алайда, Ресей СІМ-і өз веб-сайтында жарияланған мақалада Лавровтың Солтүстік Кореяға қатысты сөзінде, американдық радикалды мәлімдемелер мен әрекеттері Корей түбегіндегі шиеленістердің ушығуына әкеліп соқтыратындығына наразылық білдіргені туралы айтқан.
Ал, АҚШ-Ресей ресми өкілдері арасындағы ең үлкен келіспеушілік Сүрия мәселесінде болған. АҚШ жақ Сүрияның болашағы үшін Башар әл-Асадтың болмауы керек десе, Ресей жақ Башар Асад Сүрия болашағы үшін маңызды рөл атқарады деп қарайды.
Трамп АҚШ-Ресей қатынасын реттеуге ниет танытты, бірнеше рет Путинмен кездесті, телефонда сөйлесті. Алайда америкалық дипломатиялық және әскери лауазымды тұлғалар әлі күнге дейін ресейлік дипломатиялық және әскери шенеуніктермен келіспеушіліктерге ие, бұл консенсусқа жетуді қиындатып отыр. Трапптың жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясы АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа қауіпті жағдай туғызды, АҚШ-тың мәлімдеуінше, Ресей өзінің жаһандық мүдделерін алға тартуға тырысады.
Шығыс Украина мәселесі және елдің болашағы туралы тұрақты келіссөздер жағдайында, өткен аптада Ресей жағы шешім қабылдап, Бірлескен бақылау және үлестіру орталығынан өкілдерін қайтарды. Бұл жағдай Батыс елдерінің өңірдің қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылығын күшейте түсті.
Шиеленісті жеңілдетуді бірден бір белгісі ретінде, Украина үкіметі мен Ресейдің қолдауындағы сепаратистер тұтқындарды алмастыру туралы келісімге келді. Сәрсенбі күні 300-ден астам соғыс тұтқындары алмастырылды. Бұл қақтығыс басталған 2014 жылдан бергі ең көлемді алмасу болды. Украина үкіметі және оған қарсы күштердің мәліметінше, соғыс тұтқындарын сәтті алмастыру тәжірибесінен кейін мұндай операциялар болашақта да жалғасуы мүмкін екенін жеткізді.
Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми мәлімдемешісі сөзінде, Тиллерсон телефонда сөйлесу кезінде АҚШ-тың Шығыс Украинадағы жағдайдан алаңдаушылық білдіретінін айта келіп, Лавровтан Біріккен бақылау және үйлестіру орталығына ресейлік өкілдерді қайта кіргізу туралы талап еткен.
АҚШ Украинаға танкке қарсы зымырандарды сатып беруге шешім шығаруы, Уашингтонның Мәскеуге қысым жасау стратегиясы ретінде, ауқымды жанжалдың туылуына қарсы алдын алу шарасы деуге болады. Мемлекеттік департаменттің және Пентагонның лауазымды тұлғаларының ұсынысы бойынша, бұл шешімді қолдаушылар жағы, аталған шешім Ресейдің шабуыл операцияларының құрын жоғарлатады, сондықтан, Ресей жағыда салмақты шешім қабылдауға тырсатын болады деп қарайды.
Бірақ, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары қазірдің өзінде бұл шешім соғыс қарқынының өсуіне алып келетінін айтты.
Жоғарыдағы телефонда сөйлесу туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ресей СІМ-і толық мәлімет таратпады.