Ресей Мариупольді қамтыған тұтас Донбасс аймағына шабуыл тебінін арттырып жатыр. АҚШ Украинаға бағытталған қорғаныс көмегінің жаңа кезеңін дайындап жатыр. Жаңа көмек туралы президент Байден бүгін арнайы мәлімдеме жасамақ.
Құрама Штаттан Украинаға қазірге дейін 800 миллион доллар көлемінде көмек жеткізілді. Ақ үй мәлімдемесінде қорғаныс көмегінің жаңа пәкеті Украинаның шығыс аймағындағы соғыс үшін аса маңызды екені айтылған. Онда қосымша артиллериялық құралдар мен он мыңдаған снарядтар қамтылған.
АҚШ украинаға көбірек артиллериялық қару жіберетінін президент Байден осы аптаның басында да айтқан болатын. Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі «Америка дауысына» берген мәліметінде, Құрама Штаттар Украинаны қолдауға наурыз айында Конгресс бекіткен 3,5 миллиард қаржыны қамтыған, жалпы 24 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсағанын айтқан. Бұл Уркаинаға өзін өзі қорғау құралдары және қорғану мүмкіндіктеріне жұмсалған.
Сәрсенбіде Ресей Мариуполь қаласына жаңа шабуыл қойды. Бейресми деректер бойынша шаһарда 100 мыңнан астам бейбіт тұрғын қамалып отыр. Соғыстан бұрын Мариупольде 400 мың тұрғын болған.
БҰҰ бас хатшысы бір күн мәлімдеме жасап, соғыс аймақтарынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу үшін қос тарапты 24 сәуірден бастап төрт күн атыс тоқтатуға шақырған.