Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 17 қаңтар күні, алғаш рет, Ұлыбритания мен Еуроп Одағы және ЕО-дан қол үзу жөніндегі келіссөз жоспары мен мақсатын айтып өтті. Ол ЕО-дан бір жолата қол үзудің оңай болмайтынын айта келіп, Еуропалық Одақтан келетін мигранттар санын шектеу үшін шекаралық бақылауларды күшейтетінін айтты.
Бұл ақпарат қытайлық «Шин лаң» (Xin Lang) сайтында жарияланған болатын. Олай болса, Ұлыбритания Еуропалық Одақтан біржолата қол үзсе, одан туындауы мүмкін істерге талдау жасап көрелік.
Ең әуелі Еуропа құрлығының интеграциясына үлкен кедергі келеді. Ұлыбритания – Еуро-Одақтан қолүзген алғашқы ел. Бұл Германия, Франция елдерінің иммиграция мәселесіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, әлемдегі жаһандануға ұмтылып келе жатқан елдердегі оңшыл күштерге жебеу болары анық. Бұл – күллі әлемнің біртұлғалануына кері әсер береді деген сөз. Одаққа мүше өзге де елдердің одақтан бас тартуына себепкер болады. Ұлыбритания ЕО-дан қол үзетінін жариялағаннан кейін, Франциядағы президенттікке үміткер, оңшыл «Ұлттық майдан» партиясының көшбасшысы Ле Пеннің кандидаттығын қолдаушылар көбейді. Себебі, бұл партия да, Францияның ЕО-дан бас тартуын қуаттайды.
Ұлыбритания еркін сауда келісіміне қол жеткізу үшін, Еуропалық Одақтан тыс серіктестер табуға тырысатын болады. Осыдан бұрын Ұлыбритания Жаңа Зеландия, Аустралия, Индиялармен алдын ала сауда келіссөздер болды. Бірнеше күн бұрын АҚШ президенттігіне сайланған Трамп “The Times” басылымының сұхбатын қабылдағанда, өзінің қызметіне кіріскеннен кейін, бірнеше апта ішінде Ұлыбританияға барып, «еркін және әділ сауда келісіміне» қол қоятынын айтқан болатын.
Еуропалық Одақтан бас тартумен бір уақытта, Ұлыбритания барлық еуропалық ұйымдарды да қабылдамау туралы шешімді ортаға қойды. Сондай-ақ, ЕО-дан бас тартудың жан-жақты жоспарлары жарияланды. Алайда, қазір Ұлыбританияда тек біржақты «ЕО-дан бас тарту» мақсатындағы келіссөздер жоспары ғана бар. Алда күрделі де ұзақ келіссөздер болары анық. Егер бәрі сәтті болып жатса, ЕО-дан қол үзу 2019 жылдың наурызында аяқталмақ. Алайда одақтың еркін сауда тоқтамына қол қоюға деген ынтасына қарағанда, кәсіптік селбестік орнатып, ортақ нарыққа қол жеткізу жақын уақытта іске аса қоюы екі талай. Бұның өзі Лондонның басын қатырып отырған мәселе.
Тереза Мэйдің атап айтқан жоспарлары мына пунктілерден құралады: Бірінші, жалпы мигранттарды шектеу Еуропа құрлығының ортақ нарығына тиімді. Ұлыбритания өкіметінің ЕО-дан қол үзу шешімі үшін ең басты алаңдайтыны – мигранттар мәселесі. Екіншіден, бұл мәселе Ұлыбритания ЕО-дан қол үзгеннен кейін де Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания арасындағы сипаттамаға айналып қалмақ. Халықаралық қарым-қатынастар кезінде үлкен оралғы болады. Елдің сыртқы сауда жолдарының екі негізгі тірегі бар: бірі – АҚШ, Индия және ЕО-ға мүше кейбір елдермен еркін сауда келісімін жасасу. Шын мәніндегі «Ғаламдық Ұлыбритания» жасау үшін «Ең жоғары дәрежелі Ортақ нарыққа қол» жеткізу керек. Үшіншіден, қазіргі Еуропалық Одақтан келетін қауіп-қатерлердің де өзіндік тиімділіктері бар. Мұның кейбірі солқылдақ шыбық секілді, соққысы қайтып өзіне тиіп отырады.
Лондон мемлекетаттаған компанияларды еліне тартып отыр. Бұл – Еуропадан қатаң түрде қол үзіп шыққаннан кейін, аралдың финанс серіктері Еуропа құрлығына қарай көшуінен сақтану және экономикалық бәсекеге қаблеттілікті сақтауы үшін жасалған шаралар. Ол ЕО-ның салығынан жалтарғысы келетін компанияларға «жұмақжаймен» бірдей. Қазіргі кезде Ұлыбританияда бұдан өзге таңдау болмай тұр. Дегенмен, осының себебінен ЕО мен Ұлыбритания арасында импорт-экспорт соғысы туылуы бек мүкін.
Еуропалық Одақтан бастартқаннан кейінгі Ұлыбритания салауаты, Еуропа құрлығындағы құқықтары да белгілі дәрежеде төмендеуі мүмкін. Еуропалық бір тұлғалану мен ЕО-ның дамуына кері әсер еткен әрекетінің салдарынан Германия, Франция, Италия, Испания сынды елдер Ұлыбританияға белгілі бір қысымдар көрсету де ғажап емес. Егер Ұлыбританиядан кейін ЕО жағдайы құлдырауға бет алса, онда еуропалық біртұлғалану кері прецесске айналады. Біздің оймызша да, Ұлыбританияның ЕО-дан бас тартуы – дұрыс шешім. Болашағы белгісіз бірлестік үшін Ұлыбританияның шығындаған уақыты мен қуаты бәрі бір орнына қайтып келмейді.
Естай БОЖАН
"The Qazaq Times"