Келесі жылы Ұлыбританияда өткізілетін «Farnborough» халықаралық авиация көрмесіне Ресей ұшақтары қатыстырылмайтын болды. Ұйымдастырушылардың берген мәліметіне қарағанда, бұл шешім Еуроодақ қабылдаған «Ресей соғыс қаруларын импорттау және экспорттауға қарсы эмбаргосына» байланысты шығарылғаны мәлім болды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Ресей Әскери техника ынтымақтастығы сервисінің орынбасар директоры Анатолий Пунчук жасаған мәліметінде ағылшындардың бұл шешіміне наразылық білдірді. Әрі бұның осы саладағы бәсекелестіктің ауыр сынына бетпе-бет келу екенін алға тартты.

Ресей парламентінің төменгі палатасы Думадағы  Сыртқы қатынастар комитеті жасаған мәлімдемеде бұл шешім Ресей экономикасына кері ықпал жасау үшін шығарылған шешім екені айтылды. Батыс елдері жыл өткен сайын Ресей әскери қару-жарақтарын сату мен сатып алуға шектеуді күшейтіп келеді.

“The Qazaq Times”