Келесі жылы Ұлыбританияда өткізілетін «Farnborough» халықаралық авиация көрмесіне Ресей ұшақтары қатыстырылмайтын болды. Ұйымдастырушылардың берген мәліметіне қарағанда, бұл шешім Еуроодақ қабылдаған «Ресей соғыс қаруларын импорттау және экспорттауға қарсы эмбаргосына» байланысты шығарылғаны мәлім болды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Ресей Әскери техника ынтымақтастығы сервисінің орынбасар директоры Анатолий Пунчук жасаған мәліметінде ағылшындардың бұл шешіміне наразылық білдірді. Әрі бұның осы саладағы бәсекелестіктің ауыр сынына бетпе-бет келу екенін алға тартты.
Ресей парламентінің төменгі палатасы Думадағы Сыртқы қатынастар комитеті жасаған мәлімдемеде бұл шешім Ресей экономикасына кері ықпал жасау үшін шығарылған шешім екені айтылды. Батыс елдері жыл өткен сайын Ресей әскери қару-жарақтарын сату мен сатып алуға шектеуді күшейтіп келеді.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?