Испания билігі Каталония үкіметінің мүшелерін тұтқынға алып жатыр

Испания соты Каталония үкіметінің бұрынғы 8 мүшесін тұтқындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы RT ақпарат агенттігі хабарлады. 

Каталония үкіметі басшысының орынбасары Уриол Жункерас да ұсталған. Ал тәуелсіздік жарияланғанға дейін отставкаға кеткен Каталония үкіметінің бұрынғы кеңесшісі Санти Вила 50 мың еуро көлемінде өтемақы төлесе бостандықта қалуы мүмкін.

Бұдан бөлек Испания билігі Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пуджемонтты тұтқындауға халықаралық ордер беру туралы шешім қабылдады. Себебі ол және оның төрт кеңесшісі сотта болмаған.

Айта кетейік, 1 қазанда Каталония Президенті Карлес Пуджемонт тәуелсіздік алу мақсатында өткізілген референдум жеңіске жеткенін хабарлаған еді. Референдумға Каталония азаматтарының 43,2 пайызы қатысып, дауыс бергендердің 90 пайызы Тәуелсіздікті қолдайтындарын білдірген. Испания билігі ел тұтастығын сақтап қалу үшін қолынан келгеннен аянбайтынын айтқан еді.

Алайда бұл референдум каталониялықтарға оңай тиген жоқ. Тіпті Испания билігі тарапынан айып тағылып, бас бостандығына қауіп төнген Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пуджемонттің өзі Бельгия астанасы Брюссельде жүргені туралы хабар тарады. Өзіне қарсы тағылған айыптардан бас сауғалап, Брюссельге келген Карлес Пуджемонт ары қарай барлық жолдарды қарастырып көретінін жеткізді.

“The Qazaq Times”

Ұқсас жазбалар