Испанияның сыртқы істер министрі Альфонсо Дастис мәлімдеме жасап, қызметтен босатылған Каталонияның бұрынғы лидері желтоқсан айындағы сайлауға қатыса алатынын айтты. Алайда, ол тек қамауға алынбаған жағдайда ғана қатыса алатынын да ескертті. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты жазды.
Альфонсо бұл мәлімдемесін Барселонадағы Испания бірлігін қолдап, шеруге шыққандар алдында тұрып жасады. Каталония біржақты тәуелсіздік жариялағаннан кейін Испания билігі бұл аймақтың автономиялық статусынан алып тастады және Каталония лидерін жұмыстан босатты.
Әлем ақпарат көздеріне қарайтын болсақ, қазіргі кезде Испания орталық үкіметі Каталонияның барлық мекемелерін толықтай басқаруында ұстап тұр. Алдағы уақытта Испанияның бас прокуратурасы Каталонияның қызметтен босатылған лидері Пуджемонттың және өзге де басшылардың үстінен қылмыстық іс қозғауы мүмкін. Олар Испанияның Конституциясын бұзды деп айыпталуда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?