Алдағы жыл Шығыс Азия өңірлік қауіпсіздік мәселесінең ең бір күрделі де қайшылықты жылы болмақ. Аталған өңірдің қауіпсіздігі халықаралық күрделі мәселелердің бірі. Шығыс Азия қауіпсіздігіне Жапония, Оңтүстік-Солтүстік Корея, Қытай, Ресей және АҚШ қатарлы елдердің мүдделері тоғысып жатыр.

Жақында ғана Солтүстік Корея құрлық аралық басқармалы зымырандар сынағының соңғы кезеңіне өткенін мәлімдеді. Бұл алдағы уақытта туылатын Шығыс Азияның тың проблемаларына тақырып бола алатын жаңалық. Талайдан бері сөз болып жатқан АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға «THAAD» басқарылмалы бомбыға қарсы жүйесін орнату және  Солтүстік Кореяның басқарылмалы бомбыны дамыту мәселесі – өңірдің шешуді күткен басты түйін.

12 қаңтар, Мәскеуде Қытай мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары кездесіп, Шығыс Азия өңірлік қауіпсіздік істерін талқылады. АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға орнатпақ болған THAAD жүйесіне ортақ қарсы тұру шешімін қабылдады. Қытай мен орыстың Шығыс Азия қауіпсіздігі жөнінде біртарапта болуы екібастан түсінікті іс. Себебі, екі ел де АҚШ-тың Шығыс Азиядағы ықпалын күшейтпеуге тырысады. Бұл кездесу Шығыс Азия өңірлік қауіпсіздігі үшін қытай мен орыстың одақтастығын білдіреді.

Аталған мәселеге талдау жасап көрсек, мынаны аңғарамыз – Солтүстік Корея құрлық аралық басқарылмалы зымыранды дамытуы АҚШ пен Оңтүстік Корей және Жапонияның мүддесіне қайшы. Ресей мен Қытай бұл мәселеде бейтарап көрінгенімен, алдында аталған елдердің оңірдегі ықпалын бәсейту үшін Солтүстік Кореяға іштей қолдаушы болып отыр. Ал, АҚШ-тың THAAD басқарылмалы бомбыға қарсы жүйесін орнатуына Солтүстік Корея, Қытай, Ресей және Жапония қарсы тұрады. Себебі, «Сад» басқарылмалы бомбыға қарсы жүйесі Солтүстік Кореяға тікелей бағытталғанымен, жанамалай Қытай, Ресей басқарылмалы бомбыларын тежеу мақсаты да бар.

THAAD жүйесінің қамту аймағы. Фото: 38north.org

Қарағанда қайшылықты біржақтылы етуге мүдделі елдер көп көрінгенімен,  айтылмыш мемлекеттер қайшылықтың үдей беруіне де сондық мүдделі. Оның себебі, бұл қайшылықты аталған елдер жеке мүдделеріне де пайдаланып отыр. Айталық, қытай үкіметі мен Солтүстік Корея ежелден бір-біріне қолдаушылық танытып келеді. Саяси ұстанымдары да ортақ екі ел АҚШ-қа ортақ қарсы тұрған кездері көп. Солтүстік Корея ядролық қаруды дамытқан күнде де Қытай мен қайшылыққа бармайтыны белгілі. Ресей де кореяның АҚШ-қа ашық қарсылығын қалайды. Оңтүстік Корея болса АҚШ арқылы әскери қуатын арттырып, солтүстіктегі бауырластарынан келетін қауіптен сақтануға мәжбүр. АҚШ-қа Оңтүстік Кореядан пайдаланып Шығыс Азияға ықпал ету керек болып отыр.

Корей түбегі, Тайвань, Дяо Идао қатарлы мәселелер бір қарағанда мүдделер қайшылығынан табиғи туындағандай көрінгенімен, шындап келгенде осының көбі қолдан жасалған. Әлемде қайшылыққа толы өңірлер көп, соның бәрі бірдей өздігінен туындап отырған жоқ. «Бейбітшілік» байрағының артында да суық қарулар жасырулы жатыр.

“The Qazaq Times”