Үндістан-Қытай ара қатынасының шиеленісуіне байланысты, екі елдегі БАҚ күшті ақпараттық соғысты бастағалы екі айдан асты. Екі тарап ақпарат құралдарында қарсы жақтың негізгі медиа құралдарының емеурінін аңдып, қадам сайын сайыс жариялап отыр.

Бір күн бұрын Үндістанның «Press Trust of India» басылымында «АҚШ Үндістанның әскери қуатын дамытуға көмек беруге дайын» деген тақырыпта мақала жариялады. Бұны Қытай ақпарат агенттіктері медиаларында сан-саққа жүгіртіп талдау жасады. Үндістанның аталған басылымының апта соңында берген мәліметіне сенсек, АҚШ-тың жоғары лауазымдыларының бірі «АҚШ әлдеқашан Үндістанның әскери қорғаныс қуатын дамытуға дайындалып болды деді. Айталық, Үндістан үшін аса маңызды болған және кезек күттірмейтін әскери салаларда, Үндістанмен бірлесе отырып дамытуға тырысады» деген.

«Press Trust of India» басылымы соңғы он жыл ішінде  АҚШ пен Үндістан арасында қорғаныс саласында сауда алмасулар 15 млрд АҚШ долларын құрағанын мәлімдеген. Ал, алдағы бірнеше жылда үнді елі Құрама Штаттан соңғы техникада жасалған дамыған соғыс құралдарын алуға үміткер екенін де жеткізді. Басылымда "олар жойғыш ұшақтар, озық ұшқышсыз ұшақтарды қамтиды,  тіпті, авиаматка (авианосец) сатып алуы да мүмкін" делінген.

АҚШ Тынық мұхит әскери қолбасшылық бас штабының командирі: «Менің білуімше, АҚШ Үндістанның әскери қорғаныс қуатын дамытуға әзірленіп болды. Үндістан Құрама Штаттың Азиядағы ең ірі қорғаныс серіктесі болмақ», – деген пікірін берген.

Ал, Қытай жақтың ақпарат құралдары болса бұл ақпараттан және Үндістан әскери қуатының кемелділігінен күмәндануда. Олар Үндістанның соңғы кездегі әскери қорғаныс қуатына жасалған анықтама бойынша, соңғы жылдары әскери ұшақтарының көптеп апатқа ұшырағанын, зымыран сапасының сенімсіз болғанын алға тартады. АҚШ-пен селбестік орнатса Үндістан осы кемшіліктерінің орынын толтыру үшін әрекеттеніп отыр деп қарайды.

Үндістанның Бақылаушы және аудитор Бас прокуратурасының 21 шілде күні сиезде (съезге) жасаған бұл мәлімдемесі, Үндістан жоғары кеңесін алаңдатып тастаған. Қытайдың қарауынша бұл алаңдаушылықты ауырлатқан Үндістанның Қытай мен Пәкістанға араздастығы асқынып тұрған уақытта елдің қорғаныс қуатының сырқатына жасалған қорытынды Үндістан үшін оңай соққы болған жоқ.

Үндістан мен Қытай арасындағы мүдде қайшылығы, Қытай мен Пәкістан арасындағы мүдделестік, бұлар Оңтүстік Азияда қоламта астында қоздап жатқан шоқ іспетті. Қазір әлем елдерінің ақпарат құралдары Қытаймен салыстыра отырып Үндістанның әскери, экономикалық, саяси жақтағы күш-қуаты жөнінде жарыса жазып жатыр. Қытай елімен теке-тіреске түссе қайсысы басым болуы мүмкін деген сауалдарға да көптеген саясаткерлер өз болжамдарын айтуда.

Қытай сарапшыларының бәрі дерлік үнді-қытай арасында жанжал соғыс ұласса, ең алдымен Үндістанға тиімсіз екенін айтады. Бұл туралы Қытай Орталық телевизиясының Әскери істерге арналған арнасында да статистикалық мәліметтермен дәлелдеуге тырысқан. Ал, Үндістанның «Press Trust of India» басылымындағы ақпаратқа қарсы, Қытайдың «Шинлаң» сайты АҚШ-тың «Дипломатия» басылымының мәліметін алға тартады. Бұл басылымның 10 тамызда жариялаған хабарында, Үндістанның Қытай-Пәкістан шекараларына 42 шабуылшы ұшақ пен 750 әскери ұшақты дайындап отырғанын мәлімдеген. Алайда,  20 ғасырдың 60 жылдарында алғаш іске қосылған бұл ұшақтардың осы ғасырдағы қауқары төмен екенін айтады. 2032 жылға барғанда Үнді елінде тек 22 соғыс ұшағы ғана соғысқа жарамды болып қалмақ. Өйткені, өткен төрт жылдан бері бүгінге дейін сынақ барысында құлап күйреген ұшақтар санының өзі 39-ға жеткен. Үнді елі  осындай әлсіздіктері тұсында әрине АҚШ-пен әскери жақтағы ірі келісімдерге отыруға белсенді көрінеді.

Десе де, кейбір елдің сарапшылары Үндістанның қорғаныс қуатын мұншалық төмен бағаламайды. Олар көп жылдан бері Үндістан да қорғаныс қуатын арттырып келеді, Қытайдың мұншалық шүйлігуіне себеп болғанның бірі, сәл қарауға болмайтын үнді елінің әскери қабілетінің қуаттылығы деп санайды. Әсіресе, дала соғысында Үндістан әскерінің соғыс қуаты Қытайды басып озады деген пікірлерін білдірген.

“The Qazaq Times”