Ресей Украинаға ауқымды әскери күшпен басып кірген кезде кейбір сарапшылар Киевті де басып алуы мүмкін екенін болжаған. Алайда, Украина армиясы, үкіметі мен халқы бар күшімен тұрыстық берді. Бұған Батыстық ауқымды әскери және қаржылық қолдау қосылып, басып кіруші Ресей қазір соғыстағы ырықсыз позицияға түсе бастады. Тіпті, соғыс майданындағы өзгерістерді, Ресейдің әскери шығынын шамалаған батыстық зерртеу орталықтары Украинадағы соғыста Ресей жеңіліп қалуы бек мүмкін деген болжамдар айта бастады.
Естеріңізде болса, 9 мамырдан бұрын бірқатар сарапшылар Ресей президенті Путин жеңіс күніне орай Украинаға қарсы ресми түрде соғыс ашып, мобилизацияны бастайды деп болжаған. Бірақ, Қызыл алаңда әскери парад өткен күні ондай болдмады, ал қазір Ресейде құпия түрде резервтегі әскерлерді шақырып, жариясыз мобилизация болып жатыр деген мәліметтер шыға бастады.
Қазіргі жағдайда Ресейде екі жол қалды: бірі – жеңілу, бірі – мобилизация. Бұндай пікірді айтқан Польшадағы Rochan аналитикалық орталығының басшысы Конард Музыка. Ол «Рейтерге» берген жауабында Ресейдің Донбасс аймағында көп сандағы әскерлер мен әскери техникаларын жоғалтқанын, оның орнын толтыру қиынға түсетінін айтқан. Жеңілу мен мобилизациядан басқа нұсаның болуы екіталай екенін де айтады Музыка.
Соғыстың бас шенінде «әне-міне Киевті аламыз» дескен Ресей армиясының қазір Донбасс аймағын толық басып алуының өзі күмән тудыра бастады. Бұдан бірер күн бұрын Ресей күштері Харьковты де тастап, бар күшін Дон алабына шоғырландырды. Соған қарамастан CNA Ресейді зерттеу институтының директоры Майкл Кофман Ресейдің мақсатына жетуіне үлкен күмәнмен қарайды. «Ресей күштері әбден әлсіреді, рухы әбден сынды, офицерлердің шабуылды жалғастыруға құлқы жоқ, ал саяси жетекшілер болса стратегиялық жеңілістің жақындағанын сезсе де сыр бермеген болып тұр», – дейді Кофман «Рейтерге» берген жауабында.
Ресей Қорғаныс министрлігі әр күні украиналық әскери нысандарды, техникаларды жойып жатқанын мәлімдеп келеді. Кремль болса бәрі жоспардағыдай жүзеге асып жатыр деп қайталайды. Бірақ, соғыс майданындағы нәтижелері кері кетіп жатқаны ақпарат құралдарындағы мәліметтерді салыстырудан-ақ байқалады.
Украина күштерінің тактикалық тәсілі «алдымен артқы шебін күйрету» болып жатқандай. Киевке шабуыл қойып жатқанда да Украина күштері ресейліктердің артқы шебіне, логистикалық қолдау мүмкіндіктеріне шабуыл жасап, тұтас оңтүстіктегі Ресей күштерінің қозғалыс жоспарны бұзып тастады. Бұл Киев іргесінде ресейлкітердің оңбай соққы алуына себеп болды. Қазіргі Донбастағы жағдайда осыған ұқсас, «Z» таңбасы бар коммникация мен логистикалық қолдау құрылғылары оңбай талқандалуда. Осының бәрінен қарағанда Донбасс аймағында Ресейдің шығыны арта түсті.
Демек, Ресей стратегиялық жеңіліске ұшырауы мүмкні екенін анық сезіп тұр. ISW секілді соғыстың барысын қалт жібермей қадағалап отырған зерттеу орталықтары да Ресей шығындарының соңы жеңіліске алып келетінін болжайды. Бірақ, жеңілісті қабылдай алмайтын Кремль мінезі ендігі жерде мобилизацияға күш салуы мүмкін, оның өзінде, соғыс майданына тек тәжірибелі адамдарды ғана тартуға күш салары да белгілі. Бірақ, уақыт өткен сайын Ресей армиясының ішкі де, сыртқы да жағдайы қиындап барады, тіпті жаңа соғыс құралдары да азайып жатыр, Украина армиясында болса бұның керісінше, толассыз әскери көмек орнын толтырып жатыр. Осының бәрінен қарағанда Путин құрдан құр уақыт созып жатқандай.