Ирак үкіметінің кешегі таратқан мәліметіне қарағанда сол елде «Ислам мемлекеті» содырларының әлі де болса 7000 адамы бар екенін, олардың көбі елдің солтүстігіне орналасқанын айтты. Қазір Ирак үкімет армиясы тазалау операциясын бастап кеткен. Бұл туралы қытайлық «Халық» басылымының онлайн қызметі хабарлайды.
Ирактың Қауіпсіздік және қорғаныс тарауларының хабарына қарғанда, елдің екінші үлкен қаласы Мосул азат болғанымен, солтүстік аймақтарды негіз еткен «Ислам мемлекеті» қалдық күштерінен 7000 адам бар. Ирактың «Morning News» басылымы барлау агенттігінің аға лауазымды адамдарына сілтеме жасай отырып, Дияла провинциясында орналасқан содырлардың үлкен саны анықталғанын мәлім етті. 2 тамыздан бастап, қарулы күштер оларды қоршауға ала бастаған.
Аталған басылымның көрсеткен мәліметіне сүйенсек, солтүстік Ирак Tal-Афар аймақтарында Ниневи провинциясында орналасқан IS содырларының саны 2000 шамасында. Ирак премьері Қарулы күштердің қолбасшылығына аймақты содырлардан аластау туралы пәрмен түсірген.