Италияның орталық қаласы Римде ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияға мүше елдердің министрлері бас қосып жатыр. Италия мен АҚШ тарабынан ұйымдастырылған жиынға әлемдегі 80-нен астам мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Аталған жиналысқа қатысқан көптеген елдердің министрлері ДАИШ ұйымын жойылмағанын, тіпті оны жоюдың мүмкін болмағанын бір ауыздан ашық мойындады. «ДАИШ тек территориялық жақтан ғана жеңілді, оны жою мүмкін болмады, әлі көп нәрсені істеуге тура келеді», – деді Италияның СІМ басшысы Лужи Ди Майо. Одан кейін баяндама жасаған АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен де Ди Майоның сөзін қуаттады.
Шарада ДАИШ-тың пандемиядан кезіндегі іс-қимылдары талқыға салынып, алдағы уақыттағы ықтимал қатерлеріне болжам жасалды. Өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық топқа қарсы халықаралық коалицияның бас хатшылық міндетін атқарушы Патрик Уорман журналистерге берген жауабында қазіргі уақытта ДАИШ содырларының қаупі Солтүстік және Батыс Африка үшін аса қауіпті бола түскенін атап өтті.
Уорманның айтуынша, "Ислам мемлекеті" содырлары әлі де өзінің қауіпті деңгейін сақтап тұр. Оларды толық жеңу үшін Ирак пен Сүрия жерінде әлі көп жұмыстар атқарылуы керек. Олар осы аталған елдер де және өзге елдерде де белсенді әрекет етіп, шабуылдарын жалғастыруда, тұрғындар арасында үрей тудыруда.
Римде өткен осы шараның соңында санаулы елдердің СІМ жетекшілері арасында Сүрия тақырыбындағы кезлдесу өтпек.
Айта кетейік, 2014 жылы өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық топ Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулда «Халифат» жариялаған болатын. Олар Ирак пен Сүриядағы саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрақсыздықтан пайдаланып осы елдердің территорриясынан ауқымды жерлерді басып алған еді. Көп өтпей ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция Құрама Штаттардың бастауымен құрылды. 2019 жылы ДАИШ содырлары басып алған соңғы аудан қайтарылды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді