Шығыстық дәстүрлі мәдениетте ежелден келе жатқан адамның бет-әлпеті, дене бітіміне қарап  өмір жолына болжау жасайтын жорамалдар болған. Мұндай жорамалдар Индия, Қытай, Жапон сынды мәдениет тарихы хаттаулы Шығыс елдерінде көптеп жинақталған. Қазақ халқында да болар баланы «боғынан» танитын небір көреген дана адамдар болған. Мысалға Төле би бабаның Сабалақтың (Абылай хан) сыртынан айтқан бағасы болашақ ханның өмірінде жазбай қайталанады. Аңызда атқосшыларымен келе жатқан Төле би  түйе жайып жүріп далада ұйқтап қалған бозбалаға кез болады. «Сабалақ» атанып жүрген жалбыр тонды, жарлы кейіпті  жанның құлашын жайып шалқасынан жатқан жатысынан-ақ дана би болашақ айбынды ерді таныса керек. Атына мінгестіріп аулына алып кетіп болашақ ханның алда болашағына нұсқаушы болады. Адам түгіл төрт түлік малдың мүшесіне қарап сыр-сипатын қанық білетін халқымыздың бұл қасиеті өмір тіршілігінен қортқан тәжірибесі.

Ал, Шығыс елдерінде адамның құлағы, мұрыны, аузы үлкен болса байлық-бақытқа жақын деп санайтын дәстүр бар.

Бірінші – ауыздың үлкендігі. Шығыстық танымда «ауызы үлкен адамның, шартарапта татар дәмі бар» деген тәмсіл бар екен. Яғни, мұндай адамның таныс-біліс, араласатын жандары көп болады, көп жердің дәмін татады дегені. Бұл әсіресе әйел адамдарға қаратылады. Ауызы үлкен біткен әйелдер киер киім, ішер астан тарықпайды, қам-қайғысыз тіршілік етеді деп сенеді. Ал ерлерге келсек, мұндай ерлер тәуекелшіл, қолынан іс келетін, күрескер, әрі батыл шешім қабылдай алады. Сондықтан жүрген жерінен байлық жинай алады. Мінезіне келер болсақ, ауызы үлкен адамның мінезі жайдары, ашық-жарқын, жүрегіне кір жасырмайтын, ойын ашық әрі тіке айтатын болып келеді. Қызуқанды, табанды, өмір жолы да жаттық, табысқа жету ықтималдығы жоғары болады.

Анжелина Жоли. Фото: mega-stars.ru

Екінші – мұрын. Мұрын адамның байлық-тәлейінен дерек белетін негізгі орган. Мұрынның туада үлкен әрі, әдемілігі сол адамның  бай-баяшатты өмірін аңғартады. Мұнда айтылған үлкен мұрын қалыптан тыс үлкендікке қаратылмаған. Мұрын бет пішініне үйлесімді етті, қырлы әрі дөңгелене біткен адамдар билікке ие, қалтасы қалың, айналасын сырбаз достары қоршаған, отбасында адамдар пысық келеді. Ер адамдарда мұндай мұрынның болуы төрт құбыласы тең, төрт тұрманы сай, байлық жарату қабілеті күшті келеді. Ал, әйел адам болса нағыз әйелдің сарасы деуге болады. Көбінесе адуын әрі қалталы әйелдерде ғана осындай мұрын болады.

Жеки Чан. Фото: scarabey.org

Үшінші – құлақ. Құлақ бітімі туада үлкен, әсем болған адамдардың қашанда істері кедергісіз, ілгері басып тұрады.  Өмірінде талайлы істер көп кездеседі. Адал достары айналасында болады, табыс жан-жақтан құйылып тұрады. Істеген ісінен қашанда өрлеу болып жатады, сауда жасаса саудасы өтімді болады. Әсіресе құлақ майлығы қалың адамдар байлық пен билікті қатар ұстап, өмірде іркіліксіз болады деп болжам жасаған.

Н.Назарбаев. Фото: Ак Жайык

"The Qazaq Times"