Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Зариф Ирандағы лаңкестік шабулдардың артында Сауд Арабиясы тұр деп кесете айтты. Ол бұл сөзіне қатысты дәлелдерін де ортаға салды. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты жазып отыр.
Иран сыртқы істер министрі Мұхаммед Жаббад Зариф сейсенбі күнгі өткен «Осло» форумында Сауд Арабиясының тақ мұрагенінің сөзін алға тарта келіп, бұл нағыз арандатушылық, мақсатты жаулықты көздеп отыр деп айыптады. Аталған ақпарат агентігінің хабарлауынша, осыдан бұрын Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі сол елдің Қорғаныс министрлігінің басшысы Мұхаммед бен Салман ресми телеарнаға берген сұхбатында: «Соғысты Иранның ішіне алып барып, Иранды соғыс майданына айналдырамыз», – деген.
«Осло» форумында ирандық министрге: «Иран лаңкестік шабуыл үшін неліктен Сауд Арабиясын кінәлап отыр?» деген сұрау қойылды. Зариф бұған: «Себебі, Иранда лаңкестік шабуыл болған күні Сауд Арабиясы Қорғаныс министрлігінің твиттер парақшасында осы туралы хабар бәрінен бұрын жарияланды. Иран өз қауіпсіздігін толық бақылауға алып отыр. Сонымен бірге, елдің шығыс аймақтарында кейбір қарулы топтардың әрекет етіп жатқанында толықтай біледі. Олар осыдан екі ай бұрын аймақта 9 адамды өлтіріп, көршілес елдер арасындағы шиеленісті пайдаланып, Иранның тыныштығын бүлдіруге дайындалып отыр», – деп жауап берді.
Иран министрі сөз соңында: «Иран үкіметі бір ғана Иран емес, көршілес Катар мен Сауд Арабиясының да қауіпсіздігінің сақталғанын», – қалайды деп ескертті.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді