Еуропалық одақ кеңесі кибершабуылдарға қарсы санкцияларды 2022 жылдың мамырына дейін ұзартты. Ресми Брюссель ЕО жаһандық тұрақты киберкеңістікті қолдайтынын және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
Шектеу шаралары қазірдің өзінде 8 жеке тұлға мен 4 компанияға қатысты және киберқылмыскерлердің Еуроодақ аумағына кіруіне тыйым салуды, олардың ЕО-ға мүше мемлекеттердің банктеріндегі шоттарын бұғаттауды қамтиды.
Бұл санкциялар механизмі алғаш рет 2020 жылдың шілдесінде қолданылды. ЕО ресейлік Алексей Минин, Алексей Моренц, Евгений Серебряков және Олег Сотниковке Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына (OZHO) кибершабуыл жасағаны үшін айыппұл салды. Содан кейін Қытай мен Солтүстік Кореядан келген хакерлерге де санкциялар енгізілді.
Ал былтыр қазанда ЕО Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының (бұрынғы GRU) басшысы Игорь Костюковқа, офицер Дмитрий Бадинге және криптографияға мамандандырылған 85-ші арнайы қызмет орталығына қатысты шектеу шараларын енгізді. Одақ оларды 2015 жылдың сәуір-мамыр айларында Германия Бундестагына кидершабуыл жасады деп айыптады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел