Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты Алматы, астана, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында шектеу шаралары күшейтіледі.
20-21 маусым күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Байланыс дүкендері, азық-түліктен өзге де заттар сататын жабық базарлар да уақытша жабылады. Ашық тамақтану орындары ғана жұмыс істей алады. Оның өзінде адамдар арасында арақашықтық сақталуы тиіс. Қоғамдық көліктің қозғалысы да шектеледі. Саябақ, сквер, жағалау, аквапарк, фитнес клубтар жабылады. Жасы 65-тен асқан адамдардың далаға шығуына шектеу қойылады. Туристік аймақтарға кіруге де рұқсат берілмейді.
Үкімет басшысы әкімдерге аймақтарда коронавирусқа тест тапсыратын орталықтарды ашуды тапсырды. Ауруханаларда қосымша орындар ашылуы тиіс. Жедел жәрдем көліктері шақыртуларға жылдам баруы қажет. Халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары да қарқынды түрде жүргізу маңызды.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті