АҚШ «Wall Street Journal» басылымының айтуынша қазіргі таңда Қытай қатты-жұмсақ бөлшектерді, электронды мишықтарды зерттеуге салған қаржысы әлемнің алдынғы орнында, соған сай жеткен нәтижелері де алдынғы қатарға өтті.
Басылымның мәліметіне бұл салада Қытай 2009 жылы Жапонияны, 2013 жылы Еуропаны басып озған. Ал осы қарқынмен дамыта берер болса, 2020 жылы АҚШ-тың алдына түсуі мүмкін деп көрсеткен. Аталған журналдың сарабында: қазір Қытай инновациялық технологиялардың дамуына нақты қандай жаңалықтарын алып келері белгісіз, алайда қазір Қытай робот жасау, адамсыз жұмыс істеуге қабілетті жүйелер, интернет технологиялары салаларында қаурт дамыту бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Мысалы Қытай жасаған бір түрдегі компьютер әлемдегі 500-ге жуық қолданылмалы супер компьютерлердің ішінде алдынғы орынға шықты. Жұмыс жылдамдығы да АҚШ-та жасалған соңғы үлгідегі компьютерден 5 есеге тез.
Дүниежүзілік «зияткерлік меншік құқығын қорғау» ұйымының «Патенттік кооперация жинағында» өткен жылда Қытайдың жаңалық жаратудағы әлемдік үлесінің күрт өскенін мәлімдеген. Яғни, әлемнің 13,7 пайыз иелеген. Қолдану саны 29 мың 846 ретке жетіп, АҚШ пен Жапониядан кейінгі 3 орынға жайғасқан. Ал, айта кетерлігі, осыдан 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш бар болғаны 1,8 пайыз құрған екен.
Бұл, әрине, аталған елдегі ғылым-техниканы дамытуға қосқан қаржысы мен үкімет қолдауының нәтижесі деуге болады. Қазақстандағы ғылым-техниканы дамыту ісінде әлемдегі нәтижелі елдердің тәжірибесімен бөлісу кемшіл түсіп жатқан жоқ, тек жүйесіздікке бой алдырып келеміз.
"The Qazaq Times"