Бразилияның Бас прокуроры елдің Жоғарғы сотына бразилиялық саясаткерлер мен шенеуніктердің үстінен жемқорлыққа байланысты толық тексеріс жұмыстары жүргізілсін деген талаппен арыз тастады деп хабарлайды bbc.com. 

Бас прокурор Родригу Жано  Жоғарғы сотқа 83 іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізу туралы сұраныс жіберді. Сонымен қатар, жемқорлыққа байланысты төменгі сатыдағы соттарда қаралып жатқан 211 істің Жоғарғы сотта қайта қаралып, толыққанды тергеу жұмыстарының жүргізілуін талап етуде.

Егер бұл қылмыстар ашылатын болса, Бразилияда  жемқорлыққа байланысты үлкен дау шығуы мүмкін. Бірақ  елде бұл мәселе осы уақытқа дейін де әлі шешімін таба алмай келеді.

Жаноның арыздары бразилиялық Odebrecht құрылыс концернінің топ-менеджерлерінің берген күәлігі мен айғақтарына негізделіп отыр.

Қаңтар айының соңында Жоғарғы сот төрайымы Кармен Лусиа Odebrecht компаниясының қызметкерлерімен бірігіп жемқорылққа байлаысты тергеу жұмыстарының жүргізілуне рұқсат берген болатын.

Odebrecht - Бразилияның Petrobras  мемлекеттік мұнай-газ компаниясының мердігері әрі Оңтүстік Америкадағы ең ірі құрылыс компаниясы болып табылады.

«The Qazaq Times»