Бразилияның Бас прокуроры елдің Жоғарғы сотына бразилиялық саясаткерлер мен шенеуніктердің үстінен жемқорлыққа байланысты толық тексеріс жұмыстары жүргізілсін деген талаппен арыз тастады деп хабарлайды bbc.com.
Бас прокурор Родригу Жано Жоғарғы сотқа 83 іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізу туралы сұраныс жіберді. Сонымен қатар, жемқорлыққа байланысты төменгі сатыдағы соттарда қаралып жатқан 211 істің Жоғарғы сотта қайта қаралып, толыққанды тергеу жұмыстарының жүргізілуін талап етуде.
Егер бұл қылмыстар ашылатын болса, Бразилияда жемқорлыққа байланысты үлкен дау шығуы мүмкін. Бірақ елде бұл мәселе осы уақытқа дейін де әлі шешімін таба алмай келеді.
Жаноның арыздары бразилиялық Odebrecht құрылыс концернінің топ-менеджерлерінің берген күәлігі мен айғақтарына негізделіп отыр.
Қаңтар айының соңында Жоғарғы сот төрайымы Кармен Лусиа Odebrecht компаниясының қызметкерлерімен бірігіп жемқорылққа байлаысты тергеу жұмыстарының жүргізілуне рұқсат берген болатын.
Odebrecht - Бразилияның Petrobras мемлекеттік мұнай-газ компаниясының мердігері әрі Оңтүстік Америкадағы ең ірі құрылыс компаниясы болып табылады.
«The Qazaq Times»


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?