«Иосиф Сталин Жанболат Мамайды тергеуге шақырған». Демпартияны құрушы топтың жеткшісі бүгін өзінің Facebook парақшасында осындай мәлімдеме жасады. Оппозициялық саясаткердің айтуынша whatsapp желісіндегі бас суретіне Сталиннің портретін пайдаланған Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеушісі оны сағат 15:00-де қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде тергеуге қатысуға шақырған.
Бұған дейін оппозициялық саясеткер Жанболат Мамайдың үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 274 бабтың, 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болған еді. Қылмыстық іс аталған бабқа сәйкес Қаржы нарығын бақылау және дамыту агенттігіның шағымы бойынша қозғалған. Аталмыш агенттік Жанболат Мамайды «жалған ақпарат таратты» деп айыптайды.
Өзінің әлеуметтік желі парақшасындағы мәлімдемесінде Жанболат Мамай бұл айыпты жоққа шығарады және оны саяси тапсырыс деп санайды. Оның айтысынша, бұның бәрі 16 желтоқсанға жоспарланған наразылық шараларына кедергі келтіру үшін биліктің тапсырмасымен жасалып отыр.
«Демократиялық партияны» құрушы топтың жетекшісі өзіне тағылған айып бойынша да бүгінгі мәлімдемесінде түсінік берді. Аталмыш саяси топ көтерген «несиелік амнистия жариялау» мәселесі бойынша банктен алған несиесіне қатысты нақты мәселесі бар бірқатар азаматтармен Қаржы нарығын бақылау және дамыту агенттігіне барғанын, онд азаматтардың нақты мәселелері бойынша несиелік амнистияға өтініш-арыздарын жазғанын және осы іс бойынша бірқанша азаматтың несиелік жеңілдіктерге қол жеткізгенін айтады. Осыдан кейін аталған агенттікке жүздеген адам ұқсас арыз-өтініш бойынша барған. Кейін агенттік Жанболат Мамайдың үстінен «жалған ақпарат таратты» деген айып таққаны туралы айтады.
«Бірақ мен ашық айтамы: еш уақытта жалған ақпарат таратқан жоқпын, таратуым да мүмкін емес», – деген Жанболат Мамай мәлімдемесінде. Сондай-ақ: «Былай қарап отырсаңыз, алты жүз адам бара ма, мың адам бара ма, екі мың адам бара ма? – ол жерге барып арызын жазғанда тұрған қандай кінәрат бар?! Бұның несі қылмыс деген сұрақ туындайды. Біле білсеңіз, осы агенттікке кез-келген адам барып өзінің несиелік мәселесі бойынша арыз жазып, банктердің мәселесін қарастыру керек, маған осындай қолдау керек деп арыз жазып кетуге толық қақысы бар», – дейді.
Осыдан шамамен бір сағат бұрын Жанболат Мамайдың жақтастары әлеуметтік желіде оппозициялық саясаткердің Масанчи көшесі бойындағы полиция департаментіне барғанын айтып видео жариялады. Олар да саясаткерге қарсы қозғалған қылмыстық істің саяси астары бар деген мағынада мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Жанболат Мамай 16 желтоқсанның жақындауына байланысты өзіне жасалған қысымның күшейгенін, соңынан бірнеше автокөлікпен белгісіз адамдардың аңдып жүргенін айтқан болатын.