Ермұрат Бапи ЖСДП «Ақиқат» партиясының төрағалығынан кетті.
Қыркүйек айының 6-ы күні Алматы қаласында өткен ЖСДП «Ақиқат» партиясының 15-сьезінде қазіргі басшыларға сенімсіздік білдіру талқыланып, партия төрағасы Ермұрат Бапи қызметінен кетті. Оның орнына Асхат Рақымжанов төраға болып сайланды.
Жиын барысында сөз сөйлеген Ермұрат Бапи болған жағдайды партия ішіндегі алауыздық деп бағалап, «Елдегі жалғыз оппозициялық партияны жерледіңіздер» деп, отырыс бітпей жатып залдан шығып кетті.
Құрылтай барысында ЖСДП-ның кейбір мүшелері Бапидің істеп жатқан жұмыстарына көңілдері толмайтындықтарын айтып, төрағаны партияның рұқсатынсыз экс-премьер Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалимен кездескенін айыптады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?