Сауд Арабиясының қарулы күштері Иранды 8 сағаттың ішінде тас-талқан етуге қауқарлы.
Сауд Арабия ханзадасы Абдулла бин Сұлтан бин Нассер әл-Сауд өзінің Twitter парақшасында Иранға қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол Сауд Арабия армиясы бетпе-бет қақтығыста Иранды 8 сағаттың ішінде тас-талқан ететіндігін айтты.
«Әлемде біздің бірлігімізге, дамуымызға, шешім қабылдауымызға тең келетін күш жоқ. Сауд Арабиясының қарулы күштері Иранды бетпе-бет қақтығыста 8 сағаттың ішінде жер бетінен жойып жібереді» - деген Бин Нассер өз жазбасында.
Ханзада сөздеріне дәлел ретінде жақында жарияланған Эр-Рияд әскери қуатына байланысты есепті ұсынады. Онда «Иран ұшақтары ешуақытта Сауд Арабия аумағына жете алмайтындығы, Теһран әуе паркі Кеңестер Одағынан қалған МиГ-29 ұшақтары мен әлсіз отандық өнімдермен жабдықталғандығы жөнінде айтылған.
Айта кететін бір жайт, қазіргі уақытта Сауд Арабия армиясы Йеменде әскери операция жүргізуде. Сарапшылар пікірінше, Эр-Рияд армиясы ел билігі айтқандай күшке ие емес.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?