Сауд Арабиясының қарулы күштері Иранды 8 сағаттың ішінде тас-талқан етуге қауқарлы.

Сауд Арабия ханзадасы Абдулла бин Сұлтан бин Нассер әл-Сауд өзінің Twitter парақшасында Иранға қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол Сауд Арабия армиясы бетпе-бет қақтығыста Иранды 8 сағаттың ішінде тас-талқан ететіндігін айтты.

«Әлемде біздің бірлігімізге, дамуымызға, шешім қабылдауымызға тең келетін күш жоқ. Сауд Арабиясының қарулы күштері Иранды бетпе-бет қақтығыста 8 сағаттың ішінде жер бетінен жойып жібереді» - деген Бин Нассер өз жазбасында.

Ханзада сөздеріне дәлел ретінде жақында жарияланған Эр-Рияд әскери қуатына байланысты есепті ұсынады.  Онда «Иран ұшақтары ешуақытта Сауд Арабия аумағына жете алмайтындығы, Теһран әуе паркі Кеңестер Одағынан қалған МиГ-29 ұшақтары мен әлсіз отандық өнімдермен жабдықталғандығы жөнінде айтылған.

Айта кететін бір жайт, қазіргі уақытта Сауд Арабия армиясы Йеменде әскери операция жүргізуде. Сарапшылар пікірінше, Эр-Рияд армиясы ел билігі айтқандай күшке ие емес.

"The Qazaq Times"