– Нобель сыйлығын алған қазақ қаламгері неге жоқ?
– Қазақ коммунистiк қоғамның бұғауында болды. Соның ықпалы шығар. Керемет жазушы болса да Шыңғыс Айтматовқа да берiлмей кеттi ғой ол сыйлық. Коммунистiк партияны жырлады деп сескенген болар. Екiншiден, шығарма шетел тiлдерiне аударылуы керек. Жақсы аударылуы керек. Әйтпесе Скандинавияда, мәселен, Нобель сыйлығын алған пәлен жазушы бар. Ол дегенiң скандинав жазушылары шетiнен мықты дегендi бiлдiрмейдi ғой.
– Осы тұрғыда сіз өзіңіздің қазақ боп туғаныңызға өкінбейсіз бе?.. Бәлкім, сол Скандинавияда туған болсаңыз, не ағылшынтілді бір азамат болсаңыз, жазған дүниелеріңіз жер-жаһанға тарар ма еді...
– Жоқ, ондай арам ой жоқ менде. Шығармам халықаралық дәрежеге шықпай-ақ қойсын, мен ондайға ұмтылмаймын да. Мыжырайған қазақ болып, Алтай мен Атырауды аралап жүргенiм бәрiнен артық маған.
БАҚ-қа берген сұхбатынан
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы