Бақытжан Сағынтаев вице- ұлттық экономика министріне сөгіс жариялады.
Бүгін Астана қаласында өткен Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге монополистердің заң аясында жұмыс істемеуіне байланысты сөгіс жариялады.
«Екі аптадан кейін бұл мәселені осы жерде қарайтын боламыз. Бұл жұмыс прокуратурамен бірлесіп жүзеге асуы тиіс. Ұлттық экономика министрлігі бюджеттен монополистерге субсидия ретінде бөлінген қаражаттың қайда және қалай жұмсалғандығына есеп беруі керек. Монополияға қарсы агенттік жұмысын реттеуге байланысты министрлік бастамасын толықтай қолдаймын. Менің жарлығым бойынша, осы жұмыстың басы-қасында жүрген Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жарияланды» - деп мәлімдеді Сағынтаев.
Бұған дейін 7 қараша күні өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй-коммуналды қызмет түрлері бағасының шамадан тыс қымбат екендігін айтып, бағаны себепсіз қымбаттатқан монополистерді жазалайтындығын мәлімдеген.
Айта кететін бір жайыт, осыдан бір жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша коммуналды қызмет тарифтері қымбаттаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?