Тахар ауған уәлаятының билігі Тәжікстан әуе күштері Даргад уезіндегі тәлібтерге соққы жасады - деп мәлімдеді. Әуе соққысынан алты содыр көз жұмып, тоғызы жараланған. Бұл жөнінде ауған ақпарат құралдары хабарлады.
Тәжікстан тарабы әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ. Әуе соққысы тәліптердің тәжік-ауған шекарасы маңындағы Фархор тұрғындарына жасаған шабуылына жауап болуы мүмкін. Бұған дейін Талибан содырлары Калашников пулеметімен "Нива"авто көлігіне шабуыл жасаған. Салдарынан көлікте болған екі адам қаза тауып, біреуі жараланған.
"Тәлибан" қозғалысының баспасөз хатшысы Забеулла Муджахид Даркад уезіне шабуыл жасалғанын растады. "Біз бұл жағдайды тексеріп жатырмыз. Талибан мүшелері шекарадағы елді-мекен тұрғындарына шабуыл жасауға тиісті емес еді",- деді Забеулла Муджахид.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?