Ауғанстандағы әйгілі Панжшер провинциясында тәліптер мен қарсылық күштері арасында тағы да сұрапыл қақтығыс болды. Әдеттегідей тәліптер Панжшер шатқалына кіре алмады. Бірақ, қарсылық күштер мәлімдеме жасап, Тәліптер провинциядағы бейбіт тұрғындарға зорлық-зомбылық көрсетіп жатыр деп айыптады.
Қарсылық күштері мен тәліптер арасындағы кезекті қақтығыс діни тартыстан шыққаны туралы мәліметтер бар. Айталық, BBC өзінің жасырын ақпарат көздері арқылы жинаған мәліметтерінде, Панжшердегі дін басы Құрбан айтты тәліптердің белгілеген күніне бір күн кеш белгілеуге шешім шығарған Бұл тәліптерді ашуына тиіп, жергілікті дін басын қамауға алмақ болады. Тұтқындауға келген тәліптер қарсылыққа ұшырап, бір топ адамынан айырылады. Бірақ, бұны тәліптердің ресмилері растаған жоқ.
Өңірдегі жергілікті тұрғындар да ақпарат құралдарына осыған ұқсам мәліметтерді берген. Олар Талибан күштері бейбіт халыққа зорлық-зомбылық жасап, тіпті қалаған адамын атып кетіп жатқанын жеткізген. Бірақ, Талибанның ресми өкілі бұндай мәліметтерді жоққа шығаруда.
Талибан қазір Ауғанстан билігін қолына алғанымен, Панжгер шатқалында әлі де берілмеген «Ұлттық қарсылық шебінің» қарулы күштері бар. Тәліптер бұл атышулы шатқалға кіре алмағанымен, ондағы қарсылық күштері тәліптерге оншалықты қауіп те төндіре қоймайды. Қазір қарсылық күштерінің жетекшісі ретінде Ахмед Масуд тұр, бірақ ол тәліптер ел билігін толық басып алғаннан кейін елден шығып кетті.