Діни басқармадан өкілдіктерге берілген «Әйелдер-қыздар» секторының жұмыстарын дамыту, шаралар өткізу туралы арнаулы тапсырмасының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Қызым саған айтам» атты тағылымдық шара өтті.
Басқосуға мешіт қабырғасында білім алып жүрген қыз-келіншектермен мешіттің әйел жамағаттары қатысты.
Мұнда мешіт ұстазы Фатима Қабдиева және басқа да ұстаздар мен шәкірттер қыздар тәрбиесіндегі ұлттық салт- дәстүрдің орны, дініміздегі әйелдер тәрибесінің маңызы туралы тұщымды баяндамалар жасады. Арнайы дайындалған ролик көрсетілді.
«Қыздар тәрбиесі ұлттың басты құндылығы. Ата-бабаларымыз қыздар тәрбиесіне айырықша мән берген. Қазақтың дәстүрлі қыздар тәрбиесіндегі тыйымдардың көбі исламмен үндесіп жатыр» деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.
Тағылымдық сабақ қатысушылардың көңілінен шықты. Олар өкілдікке алғыстарын білдіріп, осындай өнегелі істердің әр кез басында ұйысатындықтарын білдірді.
“The Qazaq Times”


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
24 қазан – Кітапханашылар мерекесі құтты болсын!
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді