2017 жылдың басынан бастап 9 ай қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына бөлінген таза инвестициялық табыс 462 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді.
БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс қаржы нарығындағы жағдай мен ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялаған қаржы құралдарының құнына байланысты. Зейнетақы активтері портфелін басқару бойынша инвестициялық қызмет туралы толық ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтына орналастырылған.
Ұзақмерзімді келешекте табыстылықтың теңдестірілген деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз инвестициялық стратегиясында түрлі қаржы құралдарынан тұратын әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады.
"2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері барлығы 7 544,70млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш 6 680,14 млрд теңгені құраған жыл басымен салыстырғанда ол 864,56 млрд. теңгеге көп (өсім шамамен 13%)", - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл ретте БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борышқорлық қаржы құралдарын өтеуге орташа сараланған табыстылық осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жылына 7,8% құраған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?