 
                                    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржылық көрсеткіштері туралы есеп жариялап, Қазақстан халқының зейнетақы жинағындағы кірісін мәлімдеді.
БЖЗҚ баспасөз қызметі жариялаған мәліметтер бойынша, 2018 жылғы қаржылық көрсеткіш 7,8 триллион теңге болған. Ал 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 12 айда 1,6 трлн теңгеге артқан, яғни 9,4 трлн теңге. Кірістердің негізгі үлесі міндетті зейнетақы жарналары 66,5 млрд теңгені құрап отыр. БЖЗҚ инвесторларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 2019 жылдың бірінші айында 15,4 млрд теңге болған.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айында дәл осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі 71, 3 миллиард теңге Әзірбайжан халықаралық банкіне құйылғандығы және аталмыш банктің банкротқа ұшырағандығы белгілі болған. Ал 2018 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі Бірыңғай зейнетақы қорына тиесілі 30 миллиард теңге қаржыны Қытай және Үндістан елдерінің компанияларына салғаны белгілі болды. Атап айтқанда, еліміздің бас банкі Finance Corporation – 7,52 миллиард теңге, The Export-Import Bank of China – 6,82 миллиард теңге, Export-Import Bank of India – 4,86 миллиард теңге, Three Gorges Finance – 3,21 миллиард теңге және Avi Funding Company Limited –2,27 миллиард теңге қаржы құйған. Бұдан бөлек БЖЗҚ қаржысы АҚШ, Бразилия және Ресей сияқты мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығына салынған.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді