Таяуда мәлім болған Қазақстан азаматтарының зейнетақы қорында қанша қаражат жиналғаны және Ұлттық банктің ол ақшаны қайда жұмсағаны туралы ресми ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.
Өткен жылы қыркүйекте зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 55,3 миллиард теңгеге жеткен. Қазақстанның екінші деңгейлі банк депозиттерінің негізгі қарызының 1,4 миллиард теңгесі өтелген. Салымшылардың есебіне түскен зейнетақы активтерінің табысы 2019 жылдың басынан бері 4,98% болды.
Биыл қыркүйекте Ұлттық банк БЖЗҚ есебінен қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздарының негізгі қарызын өтеген. Жалпы сомасы — 16,9 миллиард теңге. Ал 1 қазанға дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі портфелінің көлемі 10 426,3 миллиард теңге болды. Ақша мен ұлттық валютадағы қаржы тетігі 6 850,6 миллиард теңге немесе 65,7%. Шетелдік валютада — 3 575,7 миллиард теңге.
Сонымен қатар, Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 20 миллиард теңгені «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының облигациясын сатып алуға жұмсаған. Табыстылығы — жылына 11,5%.