Осы жылғы қыркүйекте монополияға қарсы орган «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазмырыш» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.
Іс Қарағанды және Өскемен қалаларының мамандандырылған әкімшілік соттарына берілді.
Тексеру барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазмырыш» ЖШС арасында картель жасасу фактісі анықталған, бұл«Қазатомөнеркәсіп» АҚ еншілес кәсіпорнының күкірт қышқылын сатып алуға жұмсаған қаражатының ұлғаюына әкеп соққан.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, картельдік келісімді жасау жөніндегі монополиялық кіріс тәркiлене отырып, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне монополистiк қызметтi жүзеге асырудан түскен кірістің 5%-ы мөлшерiнде айыппұл салынды(«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС үшін - 1,4 млрд теңгеден асады).
Сонымен қатар, осы істі қарау қорытындысы бойынша 2017 жылғы 16 қазанда Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ны картель жасасуға әкеп соққан, нарық субъектілерінің қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады, ӘҚБтК бойынша 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (бұл 2,2 млн теңгені құрайды).


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?